Нуржігіт Алтынбеков
669
«дене - жан» ұғымдарына үшінші - Құдайдан шығатын «рухты» қосады. Енді
адамның үш өлшемі болып шықты. Дене ретінде адам өмірге уақытша келіп кетсе,
рух ретінде Құдайға қосылуға құмартады, ал екі ортада абыржыған жан бар. Егер
ол рухпен бірге болса, өлместік дәрежесіне көтеріледі, ал денеге жабысса, сонымен
бірге құриды Олай болса, адам өз-өзіне терең үңіліп, рухтың талаптарына сәйкес өмір
сүруі керек.
Ұлы А. Августин адамның рух екенін мойындап, онда өмірде
зұлымдық неге бар,
оның себебі неде деген сұрақ қояды. Егер Құдай еш мінсіз, құдіретті болған болса,
оның жаратқан Дүниесі де еш мінсіз, керемет, ғажап. Олай болса, кінә адамның
өзінде. Ол аспан кұндылықтарның орнына жердегі өтпеліні таңдады. Сондықтан
өмірге зұлымдық келді.
Егер көне заманның ойшылы Сократ зұлымдық адамның надандығында, білетін
адам зұлымдық жасамайды деген пікірде болса, Августин: «Ақыл - біледі, ырық -
таңдайды, соңғы шешім адам ырқында, мен оның жаман екенін білемін, бірақ, мен
соған қарай ынталанамын, ақырында оны жасаймын, күнәға батамын», -деген пікір
ұстайды. Олай болса, зұлымдықтың түп-тамыры адамның өзімшілдігі, тәкаппарлығы
мен өр көкіректігінде. «Тек қана Құдайды, оның жаратқан Дүниесін барлық жан-
тәніңмен сүйген кезде ғана жан дүниеңді құтқарып, мәңгілікке ие боласың», - дейді
ұлы ойшыл.
Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау
керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. «Құдайға жан-тәніңмен сену, ізгілік,
ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттілік - адам рухын мәңгілікке әкеледі», - дейді
ұлы ойшыл.
Қайта өрлеу заманынан бастап рух жөніндегі діни көзқарастан ауытқу басталады.
Оған ерекше үлес қосқан Л.Валла болды. Ол: «Кісі адамның рухы ғана емес, денесі де
әсем. Құдайдың жаратқан бәрі де бір-біріне үндесіп жатқан ғажап Дүниесінде бірде-бір
нәрсе өзінің құндылығын жоймайды, соның ішінде адамның денесі де», -деген ой
тастайды. Құдайды сүю рухтың ең биік таңдауы болғанымен, сезімдік дене ләззатынан
|