Нуржігіт Алтынбеков
680
арманы о дүниені, жетілген мәңгілік рухани өмір, Құдай идеясын дүниеге әкеледі»,
— дейді ұлы ойшыл.
Егер дүние кемеліне келіп жетілсе, онда ол барлық қайшылықтарды жойып, яғни
өз-өзін жоқ қылатынын біз ақыл-ой аркылы түсінеміз. Ал мәңгілік бақытты өмір, осы
тұрғыдан алғанда, тозақтың ең жаман түрі болар еді. Жас дос, өзіңіз ойлап қараңызшы,
егер мәңгі өміріңіз болса, сіз саусағыңызды да қозғалтпаған болар едіңіз, өйткені алда
шегі жоқ мәңгілік бар. Ал дүние кеңістік пен уақыт арқылы беріліп, өзіңіздің
болашақта өмірден кететініңізді білгеннен кейін, сіз белсенділік көрсетесіз, алдыңызға
үлкен мақсат-мұрат қойып, соны іске асыруға ұмтыласыз, осы фәниде өз ізіңізді
қалдырып кетуге тырысасыз, өмірдің әрбір шағының тамаша жақтарына сүйсіне карап,
оның ғажабына тоймайсыз т.с.с.
Алайда ақыл-ой оны түсінгенмен, рух оған қанағаттанбайды, ол қол астындағы
кемшілікке толы болмысты Ізгілік пен Әсемдік, Акиқат пен Сүйіспеншілік т.с.с.
кұндылыктардың негізінде қайта өзгертіп, жетілдіргісі келеді. Қайсыбір дін осы жолда
ертелі-кеш зұлымдыққа тойтарыс беріліп, жақсылық, ізгіліктің болашақтағы жеңісіне
сенуді уағыздайды. Әрине, ол адамның көңілінен шығады. Сондьқтан көп жағдайда
нақтылы өмірде зұлымдық өз тойын тойлағанмен, ақырында, жақсылықтың
жеңетініне адамзаттың көпшілігі сенеді.
Сонымен қатар адам рухының кемеліне келген дүниеге деген іңкәрлігі мыңдаған
жылдардың шеңберінде орасан зор Өнер Әлемін тудырады. Оған әдебиет пен
поэзия, қылқалам мен мүсін, сәулет пен әуен, сымбат т.с.с. өнер түрлерін жатқызуға
болады. Өнер әлемі бізді аз уақыт болса да нақтылы болмыстан жоғарылатып, рухтың
кереметтігін көрсетіп, жан-дүниеміздің ластанған жағын тазартады (Аристотельдің
тілімен айтсақ, «катарсиске» әкеледі), біздің Ақиқат, Әсемдік, Сүйіспеншілікке деген
сенімімізді нығайтады.
Қарапайым сана деңгейінде көп жағдайда «жан» мен «рухты» бір мағынада
пайдаланады. Алайда олар әр түрлі ұғымдар. «Жан» (псюхе, анима) деп біз адамның
ішкі әлеміндегі өмірге деген іңкәрлігін, оның күнбе-күнгі қуанышы мен зардабын,
|