Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет616/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
683 
Философиялық әдебиетте объективтендірілген рух деген ұғым қолданылады. 
Оның мәні мынада. Қайсыбір адамның шығармашылық іс әрекетінен туған идея өмір 
сүруі үшін заттанады, яғни объективтендіріледі. Мысалы, күнбе-күнгі өмірде мыңдаған 
рет кездесетін жеңіл машиналар, автобустар т.с.с. техника түрлерін алсаңыз, олар 
жүздеген ғылыми қайраткер, инженер, ойлап шығарушы талантты адамдардың ой 
еңбегінің жемісі. Белгілі бір кешенді салу үшін ол ең алдымен архитектордың 
санасынан өтіп, жобаға айналуы керек т.с.с. Тағы табиғатта қалалар, машиналар, 
байланыс жұйелері т.с.с. жоқ. Яғни бүкіл адамзат тудырған «екінші табиғатта» адамзат 
рухы затталып, соның ішінде сөнген. Адам күнбе-күнгі өмірінде неше түрлі заттарды 
пайдаланған кезде (ол үшін оның құрылымын білуі қажет), сол сөнген рухты 
жандандырып, яғни игеріп, өз рух құрамының ішіне кіргізеді. Осы жолда оған шабыт 
келіп, оның шығармашылық іс әрекетін оятып, жаңа идеяларды тудыруы ғажап емес. 
Өйткені қайсыбір рухани туындыда иесінің ескермеген, байқамаған жақтарын соны 
игеру үстіндегі адам байқап қалуы мүмкін. Сонымен рух, бір жағынан, адамның 
санасында жанып, екінші жағынан, заттардың ішкі мәнін құрап сөніп жатады екен. 
Келесі үлкен мәселе - «рухтың өзегінде не жатыр»? деген сұрақ. Оған жауап 
ретінде біз моральдық құндылықтар дер едік. Бұл арада біз А.Швейцердің пікірімен 
толығымен келісеміз. Адамзаттың нағыз алға жылжуы ғылыми-техникалық 
жетістіктерде, айнала қоршаған ортаны сырттай өзгертуде емес, адамның өзінің іштей 
жаңаруы, моральдық өрлеуінде жатса керек. Бүкіл рухани дүние әрқашанда 
моральдың бір қарағанда байқалмайтын ықпалында болады. Негізінен алғанда, адам 
болу дегеніміз өнегелік, ұдайы өз ар-ұждан, адамның жүрегінен шығатын ішкі 
талаптарға ұкыпты қарау, тұлғаның моральдық өмірден алган тәжірибесін шыңдау 
емес пе? Рухани өмірдегі моральдық нормалар мен құндылықтардың шешуші рөлі 
түсінікті болуы үшін, біз адамның жүріс-тұрысы, іс әрекеті ерекшелігін алға 
тартуымыз 
керек. 
Адам 
өз 
жүріс-тұрысында 
әрқашанда 
моральдық 
құндылықтарды басшылыққа алады, ал оньң талаптары көпшілік жағдайда сол сәттегі 
адамның мүдделеріне шек қойып, басқа адамдардың да мүдделерімен санасуды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   612   613   614   615   616   617   618   619   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет