Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет621/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
688 
болғанымен - шектелген. Егер байлығыңыздың жартысын үлестірсеңіз, тек жартысы 
ғана өзіңізде калады. Ал рухани байлық - шексіз. Егер бір сүйкімді әуенді шығарып, 
оны таратсаңыз, ертең-ақ ол жүздеген мың адамның көңіл күйін байытып, 
шаттыққа әкеледі. Құрманғазы бабамыз өмірден кетсе де, оның рухы әр қазақтың 
жүрегінде сақтала бермек, яғни ол өлген жоқ. 
Сонымен адам дене және рух. Денесіз рух, рухсыз дене жоқ. Дүниенің қызығына 
салынып, рухты аяққа басып, я болмаса, рухты биік ұстап, дене қажеттіліктерімен 
санаспауға тағы да болмайды. Осы арада бір аңызды келтірейік. Бір адам жолдасына 
қонаққа келген екен. Сол сәтте досы өнер адамдарын шақырып: «Сіз қандай аспаптың 
үнін ең алдымен тыңдағыңыз келеді? - депті. Сонда қонағы: «Ең алдымен куырылып 
жатқан еттің дыбысын тыңдасақ қайтер еді», - деген екен. 
Енді осы арада «руханият» ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. Өйткені 
рухтың негізгі мақсаты - дүниенің бірлігін, үндестігін қамтамасыз ету, оны 
жетілдіру болғанымен, шынайы өмірде біз бұрмаланған, қирату, бөлу, қарсы қою, 
жоюға бағытталған рухты да байқауымызға болады. Оны халық: «Зұлым рух», - 
дейді. 
Руханияттыққа келер болсақ, ол өмірді толыққанды безендіру, материя мен рухты 
бір-біріне қарсы қоймай, бірге жетілдіру, үндестікке жеткізу, адам өмірінің жан-
жақтылығын, мейлінше бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету дер едік. 
§ 3. Құндылықтар әлемі 
Рух, руханият ұғымдарын нақтылай келе, біз құндылықтар әлеміне келіп 
тірелеміз. Оны зерттейтін философия саласын аксиология (aksios — құнды, lоgоs - 
ілім) дейді. Жалпы алғанда, құндылықтар дегенде адам өмірінің бағытын 
анықтайтын, оған керек, мәнді, оның құрмет тұтатын, керек болса, бас иетіннің 
бәрін жатқызуға болады. Құндылықтар әлемінің өмір сүруінің терең себептері 
адамның өзінде, оның саналы пенделігінде, өмірдің мән-мағнасын іздеуінде жатса 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   617   618   619   620   621   622   623   624   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет