Нуржігіт Алтынбеков 691
Сонымен қатар, өкінішке орай, өмірде мүгедек, табиғатынан әлсіз туған жандар
да кездеседі. Мұндай жағдайда олар өз рухының күші арқылы өмір мәнділігі мен
құндылығын, қанша қиын болса да, аша білуі керек, ол үшін, әрине, жақындары,
жалпы қоғам, мемлекет тарапынан көмек қажет. Дұние жүзілік тарих мұндай
адамдардың өмір қиындықтарын жеңіп шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өзінің
өшпес ізін қалдырғаны женінде мыңдаған айғақтар келтіреді. Қайсыбір қоғамның
адамгершілік келбетін сол кемтарларға жасаған ізгі істерінен көруге болады.
Өкінішке қарай, біз бүгін бұл жағынан мақтана алмаймыз.
в) дін филоеофиясы (діни құндылықтар) Американ философы Э.Фроммның айтуына қарағанда, дін адамның саналы пенде
ретіндегі терең табиғатынан - оның өмір сүру бағытын іздеуі мен бір нәрсеге
табыну мұқтаждығынан шығады. Бұл, әрине, дін мәселесіне деген кең көзқарас.
Осы тұрғыдан алғанда, адам дүниедегі негізгі діндерді мойындамағанның өзінде,
ол бір нәрсеге сенім артып, соған табынуы мүмкін. Тіпті, кейбір жағдайда ол оны
саналы түрде сезінбеуі де ғажап емес. Мысалы, бүгінгі таңда реформа барысында
біршама адамдар байлыққа, «алтын кошақан» - ақшаға табынады. Олардың ойынша,
ақша арқылы сатылмайтын нәрсе жоқ, соның ішінде қайсыбір лауазым иесін, тіпті
адамдардың сүйіспеншілік пен басқа да нәзік сезімдерін өзіңе қарай тартуға болады.
«Бәрі де сатылады» деген принципке олар сенеді.
Жаңа ғана тарих қойнауына кеткен Кеңес Одағында миллиондаған адамдар
марксизм теориясына, болашақта жер бетінде коммунистік қоғамның орнауына сенген
жок па? Ал неміс философы К.Ясперске келер болсақ, ол адамзаттың рухани дамуын
парасаттылыққа негізделген философиялық сенім деңгейіне көтермей, бүгінгі
таңдағы қорланған өзекті мәселелердің шешілуі мүмкін емес дейді.
Әрине, адам сенімсіз өмір сүре алмайды. Адам өз әке-шешесіне, сүйген жарына,
жақсы досына, өз халқына, я болмаса адамзат қауымына сенуі мүмкін. Еш нәрсеге
сенім арта алмайтын адам бақытсыз, ол өз өмір мәнін тез арада жоғалтады, оның