Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет627/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
694 
300 жыл шамасындағы ғылым мен техниканың зор қарқынмен дамуы, халықты жалпы 
ағарту, білім деңгейін өсіру, қорланған материалдық байлыққа табыну, өмірде сезімдік 
ләззат алуға ұмтылу т.с.с. еуропалыктардың пілдей бөлігінің христиан дінінің 
шеңберінен ауытқып, «индустриалдық» (өндірістік) «кибернетикалық» (есептеу), 
«сайентологиялық» (ғылым) т.с.с. дін бағыттарының пайда болуына әкелді, деп 
есептейді Э.Фромм. 
Дүниежүзілік дәрежедегі соңғы дін - Ислам діні. Оның да, христиандық дін 
секілді, шыққан рухани қайнар көзі Таяу Шығыста. Бұл дін VII ғ. араб көшпенділері 
арасында дүниеге келеді. Атақты неміс ғалымы М.Вебер исламды Дүниені 
бағындыратын жауынгер діні дейді. Сол себепті Сары-Арқаның көшпенділері де бұл 
дінді ұнатып қабылдаған болар деп ойлаймыз. 
Ислам дінінің негізгі қағидаларына тоқталсақ, оның Құдайы -Алла -- осы Дүние 
мен адамды жаратқан рухани құпия кұш. Христиан дініндегідей мұнда үштік 
мәселесі жоқ. Ол - жалғыз және өз Құдіреті арқылы жаратқан Дүниенің ар жағында 
мәңгілікті өмір сүреді. Ол Мұхаммед пайғамбар арқылы өз өсиеттерін адамдарға 
жеткізді, сол себепті исламның негізгі кұжаты - Құран дүниеге келді. 
Ислам діні адамды табиғатқа қарсы қоймайды. Алла тағала жаратқан Дүние - 
керемет, ғажап, сондықтан адам алдында оны қайта құру, өзгерту мақсаты жоқ, ол 
табиғат шеңберінде өз орнын тауып, өмір сүруі керек. Адам, әрине, саналы және 
ырықты пенде болып жаратылған, ол жақсылық пен жамандықты айырып, таңдай 
алады. Дегенмен де Алла тағала адамға өмірдің барлық саласында қалай өмір сүру 
керек екенін Құранда көрсетеді (Шариғат). Иран халқының ойшылы Аятолла 
Хомейнидің айтуына қарағанда, «адам өмірінің бірде-бір тіпті кішкентай бөлігі Ислам 
ілімінің назарынан тыс қалған жоқ». Сондықтан да Ислам діні көп жағдайларда 
әлеуметтік-саяси мәселелерге араласып, мемлекетпен өте тығыз байланыста болады. 
Кейбір кезде діни қайраткерлер үкімет басына келіп, теократиялық тәртіп орнатады 
(Иран, Сауд Аравиясы т.с.с.). 
Ислам дінінің тереңде жатқан рухани негізі қауымдық пен теңдікке (эгалитаризм), 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   623   624   625   626   627   628   629   630   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет