Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет625/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   621   622   623   624   625   626   627   628   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
692 
әлеуметтік ауытқуға ұшырайтыны сөзсіз. Мұндай кең түрдегі ойларымыздың 
ауқымын қысқартсақ, онда осы заманға дейін дүниежүзілік діндердің өмір сүріп 
жатқанын байқаймыз. 
Ұлы Қытай халкы уақытында даосизм және конфуциандық философия 
бағыттарын тудырып, оларды өмір бағдарламасына айналдырды, яғни олар осы 
халықтың дініне айналды. Олай болса, Дүниені жаратқан Құдай идеясы оларда жоқ. 
Сондықтан әдебиетте оларды «Құдай ашылмаған» діндер қатарына жатқызады. 
Мысалы, Дүниені билейтін «тянь» - аспан ұғымы - бейтұлғалық дүниенің алғашқы 
бастамасы. Мұнда Дүниені жарату ұғымы жоқ болған соң, оның басы да, аяғы да жоқ, 
ол мәңгі белгілі бір шеңберде айнала береді. Олай болса, адам болмыстың тәртібін 
зерттеп қана қоймай, ең алдымен өз-өзін танып-біліп, өзгертуі қажет. Негізгі 
уағыздайтын қағидаларына «табиғаттың даналығы, онымен үндесті өмір сүру 
қажеттігі» - у-вей, «өз халқыньң тарихи жинаған тәжірибесіне, даналығына сену, яғни 
әдет-ғүрып, салтты қатаң сақтау» - ли, «адамға сену, оны сүю» - жень т.с.с. жатады. 
Бүгінгі тандағы беделді діндерге ұлы үнді халқы тудырған буддизм ілімін 
жатқызуға болады. Ол б.з.д. V ғ. Гаутама Сидхартха деген ұлы адамның ізденісі 
арқылы дүниеге келіп, бүкіл Оңтүстік Шығыс Азияға кеңінен таралды. Бұл діннің 
негізгі идеясы - адам рухының асқақтығы, олай болса, адам материалдық дүниеге 
байланбауы керек (апариграха), өйткені ол одан жоғары. Келесі бүгінгі адамзатқа 
тікелей қажетті қағида - ешқандай тіршілікке зәбірлік жасамау (ахимса). Будданьң 
адам алдына қойған талаптарының ішінде ерекше маңыздысы - ақыл-ой, ниет 
тазалығы. Екіжүзділік, алдап кету, арандату - адамның биік рухани мәртебесіне нұқсан 
келтіреді. Ешқашанда жек көрушілік оған қарсы қойылған жек көрушілікпен 
тоқтамаған. Керісінше, ол ұлғайған. Тек қана жек көрушіліктің жоқтығы оны сарқиды 
деген Будданың тамаша ойы бүгінгі адамзатқа ауадай қажет сияқты. Ақыл-оймен қатар, 
адамның аузынан шыққан сөздер де жұмсақ болып, адамның жүрегінен шығу керек. 
Жаман сөз рухани ахуалды ластайды, адами қарым-қатынастарды бүлдіреді. 
Адамзат руханиятында өз ерекше орны бар, жер бетінде өте кең тараған - 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   621   622   623   624   625   626   627   628   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет