Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет83/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
95 
ең биік сатысына көтеріледі. 
Қоғамды әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан алып қарағанда, бұл уақыт 
қала-полистердің мүмкіншіліктері таусылып, дағдарысқа үшыраған кезі болғанымен
рухани өмір, керісінше, үлкен шабытта болып, ен ұлы туындылар пайда болды. Мұның 
өзі рухани және материалдық өмір дамуының бір-бірінен тәуелсіз екендігін 
дәлелдегендей, әрине, салыстырмалы түрде ғана. 
Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, 
натурфилософиялық кезең және софистика ұлы жүйелерді жасауға жақсы 
мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы 
ойшылдар Платон мен Аристотель болды. 
Платон (б.з.д. 427-347 ж.) өзінің осы атын кең иықтылығының арқасында 
Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Оның шын аты Аристокл. Платонның әкесі 
атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 
20 жасында Сократпен, танысьп өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды, сөйтіп ол 
өзінің өмірін толығынан философияға арнайды. 
Платонның еңбектерінің ерекшелігі - ол оның бәрін сұхбат ретінде жазады. Ол 
әдісті, шамасы, Платон 8 жыл бойы Сократпен бірге болған кезде игерген. Екінші 
ерекшелігі - сұхбаттың негізгі кейіпкері - Сократ. Сонымен Платон өзінің ойларын 
осы Сократ кейпі арқылы жеткізеді. 
Платонның негізгі еңбектері «Сократты жақтау», «Критон», «Мемлекет», 
«Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.с.с. 
Платонньң көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен -Гераклит. Ол оның 
негізгі тұжырымы «Бәрі де ағым», «бітпейтін өзгерісті» толық қабылдайды, бірақ тек 
ол біз өмір сүріп жатқан Дүниеге тән. 
Екіншіден, оған Элея мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін тигізді. Ол - 
қозғалмайтын, мәңгі, бір Болмыс идеясы. 


Нуржігіт Алтынбеков 
96 
Үшіншіден, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұғым-
кұндылықтары - Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік. 
Төртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығатын өлшемдік ұғьмы. 
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі - оның «Эйдос» (идея) 
әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені Дүние - 
ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде 
тұрактылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғьмдар жасауға, яғни Дүниені түсінуге 
тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса
оның кайнар көзі «Шынайы болмыста» Эйдос әлемінде, «қол астындағы 
болмыстан» біз оны таба алмаймыз. 
Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін оның әртүрлі диалогтарындағы 
Әсемдік, Ізгілік, Әділеттілік, Батылдық т.с.с. ұғымдарды Сократтың атынан талдағанда 
көреміз. 
«Үлкен Гиппий» деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: «Расында 
да, ізгіліктен барлық ізгі істер, әділіттіліктен барлык әділеттік, әсемдіктен барлық 
әсем заттар тумай ма?» 
- Әрине, - деп жауап береді Гиппий. - Әсемдік ол - әсем қыз, мысалы. 
Оған Сократ: «Неге әсем би, ия әсем кұмыра емес?» - деген сұрақ қояды. Әрбір 
зат бір жағынан әсем, екінші жағынан, басқа заттармен салыстырсақ, түрсіз болуы 
мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік керек қой. 
Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі моральдық құндылықтардан 
іздейді, бірақ таба алмайды. 
Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі әсемдік идеясында жатыр. 
Оның қайнар көзі «Эйдос әлемінде». Сонымен сезімдік әлемнен басқа тұрақты
мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем - идеялар әлемі бар екен. Егер 
бұл әлемдегі затгар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға 
идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар - ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет