Нуржігіт Алтынбеков 111
жағалауында салынғанымен, оған сол бұрынғы құлдардың күші пайдаланған болатын.
Птоломей Филопатер өз заманының ең үлкен соғыс кемесін жасады, ал оны 4
мың кұл ескекпен қозғайтын. Ондай кемені қандай жерде пайдалануға болады?
Бірақ бұл заманның ғылым саласында Римде құқық теориясының іргетасы
қаланып, соңында бүкіл Еуропа мемлекеттерінің қалыптасуына өзінің зор әсерін
тигізеді. Осы уақытқа шейін заңгерлердің негізгі пәндерінің бірі - ол Рим құқы.
Бұл дәуір жөнінде орыстың ұлы философы А.Ф.Лосев айтқандай: «Философияда
қажу мен түңілу байқалады... Мәресіне жете алмай өшкен, бірақ болуға тиіс болса да,
дегенмен болмысқа айналмаған ілімдер...». Бұл ойды эллиністік-римдік философиялық
ой-пікірдің жалпы мінездемесі ретінде келтіруге болады.
Киниктер Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік жойылған қоғамда сондағы тәртіпке
ашықтан-ашық қарсы шығатын белгілі бір философиялық саяси ойлар, я болмаса
бүкіл өмір салтымен сол қоғамды айыптайтын әлеуметтік топтар пайда болады.
XX ғасырдың екінші жартысында біз оларды «хиппи» қозғалысынан, «битниктерден»,
«кришнаиттерден» т.с.с. байқадық.
Міне, осындай дағдарысқа ұшыраған антикалық дәуірде философия мен этика
саласында киниктер мектебі пайда болады. Оларды Грециядағы сократтық
мектептердің өкілдеріне жатқызады.
Олардың атын біреулер Киносарг аталатын гимназиямен теңесе, келесілері
«куоп» (ит) деген сөзбен теңейді, өйткені осы мектептің негізін қалаған Антисфен:
«Адам «ит сияқты өмір сүруі керек», -- деген екен. Киниктердің тарихта аты қалған
екінші тұлғасы - Диоген Синоптық.
Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде ілім жасау емес, керісінше, жаңа
өмір салтын жасап, оны сынау болды. Мысалы, Диоген теңіздің жағасында үлкен
бөшкеде өмір сүреді, шалшықтан қолымен су алып ішеді, жұрттың көзінше дәрет
алады; күндіз шам жағып жүреді. «Неге шам жағып жүрсіз?» - деген сұраққа: