Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет97/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
114 
ешқашанда ерте де емес, кеш те емес. 
Эпикурдың ойынша, бақыт дегеніміз - еш нәрсеге кеселі тимеген ләззат. Ол 
адамның жаратылысы, табиғатынан шығады. Адам дүниеден ләззат алуға, 
зардаптан қашуға тырысады. «Сондықтан біз ләззатқа жетуді бақытты өмірдің басы 
мен аяғы деп есептейміз», - дейді Эпикур. 
Осы айтылған және де басқа ойлардың негізінде, жүре келе философияда 
эпикуреизм деген ұғым пайда болды. Бұл үғым өмірдің мән-мағынасы ләззатты 
қууда, құмартуда, Дүниенің барлық қызығын қамтуға тырысуда деген мағына береді. 
Тарихта, өкінішке карай, ірі тұлғалардың кейбір ойлары бұрмаланып, сол тұлғалар 
жөнінде болашақ ұрпақтардың санасында қисық пікір пайда болады. 
Мәселенің шынына келсек, Эпикур ләззат алу ұғымын тіпті басқаша түсінді. Егер 
адамның табиғи қажеттіктері өтелсе (ішетін тамағы, киетін жылы киімі, ауасы жететін 
жылы баспанасы болса), онда адам өзінің табиғи дарындарын сыртқа шығарып, 
шығармашылық дәрежесіне көтеріліп, өзін нағыз бақытты адаммын деп сезінеді. 
Эпикурдың мектебіне оқуға келген адамды алғаш рет қарсы алғанда, оның аяқ-
қолын таза сумен шайып, содан кейін бір шелпек нан мен бұлақтың суын беріп: «Ал 
енді өзіңізді бақытты сезініңіз», - дейді екен. 
Эпикур ләззаттың өзін дұрыс түсінуге шақырады, өйткені адамның қажеттіктерін 
табиғи және жасандыға бөлуге болады. Ал соңғылардың біршамасы тіпті керек те 
емес. Олардың анықтаушысы - адамның ақыл-ойы, әділеттік және адамгершілік 
сезімдері. 
Ләззат алудың соңғы мақсаты - ол дененің зардабы мен жан дүниесінің 
қобалжуынан аулақ болу. Оны ол кісі атараксия деген үғыммен береді (аtаrахіа - 
грек сөзі, қобалжымау). Егер адам тыныш өмірге ұмтылса, жан дүниесі тұрақты 
болса, дене ауруы болмаса, болашақ зардаптан, өлімнен қорықпаса, онда оның ішкі 
рухани өмірінің бақыты арта түседі. Қарапайым тынық жерде, жолдастарыңның 
арасында, мемлекеттің жұмысына араласпай, өзіңмен-өзің болып өмір сүрсең, сен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет