Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет102/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
121 
Платонның мемлекетіндегі «үш әлеуметтік топтарды» атаңыз. 
Платон неге жекеменшікке қарсы? 
Аристотельдің «Платон маған қымбат, бірақ ақиқат одан да қымбат» деген сөзін 
қалай түсінесіз? 
Аристотельдің логика саласындағы ашқан зандарын айтыңыз. 
Аристотельдің материя және форма үғымдарын қалай түсінесіз? 
Аристотель жан дүниесінің қандай үш түрін көрсетеді? Аристотельдің 10 
категориясын есіңізге түсіріңіз. Аристотельдің этикалық көзқарастарының ерекшелігі 
неде? Аристотельдің ашқан басқару формалары қандай? Киниктердің көзқарасы 
қандай болды? Эпикуреизм деп этика саласында нені айтамыз? Скептицизмнің 
көрнекті өкілі кім? 
Реферат тақырыбы 
Қытай философиясының негізгі ерекшеліктері. Даосизмдегі 
диалектикалық көзкарастар. 
Қытайдағы бүгінгі реформалар мен конфуциандык идеоло-гияның байланысы. 
«Фа-цзя» мектебі мен XX ғасырдағы тоталитарлық мемлекеттер (тарихи 
салыстыру). 
Үнді мифологияларындағы негізгі түсініктер. 
Джайнизм философиясыньщ кағидалары. 
Буддизм - үнді философиясы. 
Грек натурфилософиясы. 
Платонның философиялык көзқарастары. 
Аристотельдің онтологиялық ілімі. 
Адам дүниенің өлшемі бола ала ма (Протагормен сұхбаттасу). 
Аристотельдің саяси-этикалық көзқарастары. 


Нуржігіт Алтынбеков 
122 
Демокриттің атомистік көзқарасы. 
Стоя философиясы. 
Ойланыңыз: 
Ешқашанда бұл дүниеде өшпенділік өшпенділікпен жойылған жоқ; тек кана 
өшпенділіктің жоғы оны тоқтатады. Бұл – мәңгілік Дхамма. Бұл Будданың сөзін 
қалай бағалайсыз? 
Жау жауға не істесе де, жалған бағытпен жіберілген ой одан да жаман істейді. 
Даосизмнің диалектикалық идеялары: Барлык дүние болмыстан туады. Болмыс 
бейболмыстан туады. Бірдеңені әлсірету үшін ең алдымен оны күшейту керек. 
Бірдеңені кұрту үшін ең алдымен оны гүлдету керек. Біреуден бірдемені алу үшін 
оған ең алдымен беру керек; Бақытсыздықта бақыт жатыр. Бакытта бақытсыздық 
бар. Кім оның шекарасын біледі? 
Адамдарды білетін - дана; өзін-өзі білетін - ағарған. 
Аспанның тілегі - адамдар бірін-бірі сүю керек және бір-бірі-не пайда әкелулері 
керек (Мо-Цзы). 
Пайда іздегендер адалдықты ұмытады; Ең биік адамды сүюшілік туыскандық 
байланыстарды ескермейді (Чжуан-Цзы). 
Аспан қарапайым адамдарды елбасы үшін тудырмайды, ол елбасын таққа 
қарапайым адамдар үшін отырғызады (Сюнь-Цзы). 
Өлген мен тірі, оянған мен ұйықтаған, жас пен кәрі, бәрі - бір, өйткені бірінші 
екіншіде жоғалады (Гераклит). 
Бейболмыстың өмір сүруі ешқашанда дәлелденбейді. Ой елегін бұл жолменен 
жүргізбе (Парменид). 
Сүйіспеншіліктің тартуымен бәрі де жиналады; қастық олардың бәрін кері 
тартады (Эмпедокл). Философия - таңғалудан басталады (Аристотель). 
Күн, ай және барлық жұлдыздар - жанып жатқан тастар (Анаксагор). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет