Нуржігіт Алтынбеков
118
кісі. Ал мұның өзі скептицизмге жол ашады.
Қазіргі таным теориясьшдағы қайсыбір білімнің салыстырмалы екендігі да
белгілі бір жағдайда скептицизмге әкелуі мүмкін.Скептицизм бағытының ірі тұлғасы -
Пиррон (360-370 б.ғ.д.).Пиррон жазылған еш нәрсе калдырмаса керек. Ол өзінің
ойларын оқушыларына әңгіме етіп жеткізіп отырған. Ол еш нәрсені сұлу, ия түрсіз
деп, әділетті, ия болмаса әділетсіз деп айтпаған. Оныңойынша, ақиқат жоқ, ал
адамдар тек қана әдет-ғұрып арқылы өмір сүреді. Затгар сезіммен де, ақыл-оймен де
танылмайды, сондықтан олар жөніндегі қайсыбір пікір болмасын ақиқатқа
жеткізбейді.Пиррон өзінің осы пікірлерін дәлелдеу үшін былай дейді.
«Еш нәрсені заттар жөнінде айтуға болмайды, өйткені олар әртүрлі тіршіліктердің
бір-біріне ұқсамайтын түйсіктерін тудырады: біреулеріне ол зат пайдалы, екіншілеріне
зиянды; әртүрлі адамдар да, заттардан әртүрлі әсер алады.
Белгілі бір нәрсе адамның
әртүрлі түйсіктерінде әртүрлі қабылданады (күннің сәулесі көзге жарық болып,
денеге жылылык әсерін тигізеді). Адам өзінің жан-дүниесінде әртүрлі жағдайда
белгілі бір затты әртүрлі қабылдайды. Заттар әртүрлі баска құбылыстармен бірге
кабылданады да, әр жағдайда әртүрлі болып көрінеді; белгілі бір тұжырымға екінші
оған қарсы пікірді айтуға болады және олардың біреуі
екіншісінен гөрі ақиқатқа
жақын деп айту қиын. Сондықтан Дүние жөніндегі ақиқат тек Құдайдың колында».
Олай болса, адам еш нәрсенің ақикатын білмегеннен кейін, олар жөнінде
ешқандай тұжырым жасаудан аулақ болуы керек.
Пиррон жөнінде мынандай аңыз қалған. Кемемен теңізде жүзіп келе жатканда
үлкен
толқындар пайда болып, адамдардың көңіл-күйі түсіп кетеді. Бірак Пиррон
айналаға самаркаулыкпен қарап, адамдарға кемедегі тамақ күйсеп жатқан торайды
көрсетіп: «Неге қорқасыңдар, осы торай сияқты еш нәрсеге алаңдамай, өздеріңді дана
адамға ұқсас сиякты ұстамайсыңдар ма?» - деген екен.
Атақты орыс философы А.С.Богомолов: «Скептицизм адамдық дәрежеге сай емес,
одан төмен тұрған ілім», - деген пікір айта-ды. Өйткені
қауіп туғандағы корқыныш
сезімі адамдыққа лайықты болмағанмен, қорыққан адам ең болмаса өзінің өміріне кауіп