Нуржігіт Алтынбеков
139
Зұлымдық және оның дүниедегі орны
Августин бұл
мәселені егжей-тегжейлі талдап, оның онтологиялық-
метафизикалық, моральдық және физикалық жақтарын қарастырады.
Метафизикалық-онтологиялық тұрғыдан келгенде,
Ғарышта ешқандай
зұлымдык жоқ, тек қана болмыстың әртүрлі сатылары ғана бар (өлі табиғат,
өсімдіктер, жануарлар, адам т.с.с. Кейбір тіршілікте болып жатқан зұлымдық сияқты
нәрселер, шынына келгенде, бүкіл Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан алғанда
көрінбей кетеді, біз тек бүкіл Дүниенің үйлесімділігін,
керемет екенін,
ұлы
гармонияны байқаймыз, өйткені Дүниені мейірімді Құдайдың өзі жаратты. Әрине,
шын өмірде бір нәрсе пайдалы, екінші зиян, бір нәрсе әсем, екіншісі түрсіз деп баға
береміз, ал оның негізінде адамның өзінің ғана
мүддесі мен мақсаты жатыр. Ал
Ғарыштық біртұтастық тұрғысынан
қарағанда, бұл Дүниеде әр жәндіктің, әр заттың
өзінің
болмыстық орны, мән-мағынасы бар. Олай болса, ол - дүниежүзілік
гармонияның қажетті бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: