Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет121/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
145 
бейболмысқа өтуі мүмкін болса, ол ертелі-кеш оған өтеді. Олай болса, Дүние-дегінің 
бәрі де бір күні жоқ болуы мүмкін. Олай болса, біз шынайы, бейболмысқа өтпейтін 
мәңгі Құдайды қажет етеміз. 
4. Сатылық арқылы дэлелдеу. Біз заттардың ішінен әртүрлі 
сатыдағы кемеліне, игілігіне, сұлулығына келгендерді көреміз. 
Дүниедегі заттарды біз бір-бірімен салыстыру арқылы бағалаймыз, 
бірақ мұның өзі ең кемеліне келген, сұлу, игінің қажет екенін талап 
етеді. Сұлулықтың, Ақиқаттың, Игіліктің соңғы себебі - ол Құдай. 
5. Табиғаттағы тәртіп арқылы дәлелдеу. 
Табиғаттағы ақыл-ойы жоқ заттардың болмысы белгілі бір мақсатқа 
лайықтылыққа бағытталған. Ал олардың санасы жоқ болса, олар белгілі-бір 
сананың, еріктің басшылығымен өмір сүреді деген ойға келеміз. Ол атылған оқты еске 
түсіреді, бірақ ол оқты жіберген садақшыны естен шығармауымыз керек. Олай болса, 
бүкіл Дүниеге мақсат берген саналының бар екенін мойындауьшыз керек. Ол - Құдай. 
Онтология (болмыс) мәселелері 
Фома Аквинскийдің болмыстық ілімінің қайнар көзі Аристотельдің «потенция» 
және «акт» деген ұғымдарына кетеді. Потенция (мүмкіндік) дегеніміз ол болуы да, 
болмауы да мүмкін, шайқалған, тұрақталынбаған, өзгеруге ашық, аяқталынбаған, 
кемеліне келмеген. «Таза потенциалдық» ол материя, болмыстын ең әлсіз түрі. Ол 
тек өзгертіледі, сыртқы әсерлер қабылдайды. Актуальдықты (шындық) алатын болсақ - 
ол іске асқандық, өмірге кіргендік, аяқталғандык, кемеліне келгендік. Актуальдық 
– ол форма (бітім), сол арқылы заттар өзінің болмыстық дәрежесіне көтеріледі. 
Абсолютті актуальды - Құдай, қайсыбір бітімнің қайнар көзі. Олай болса, Құдай - 
болмыстың өзі де, ал Дүние - болмысқа ие ғана. Тек Құдайда болмыс пен мән-
мағына бір-біріне сәйкес келеді, сондықтан ол -- таза акт (шындык), өзіне-өзі 
жеткілікті болмыс. Ал Дүниедегі жаратылғандардың бәрі өмір сүруге бағытталған 
ғана. Дүниедегі заттар бұл Дүниеде болуы да, болмауы да мүмкін, ол қажетті емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет