Нуржігіт Алтынбеков 278
мақсаттарды ғана қойып, соларға жетуге тырысуы қажет. Бұл идеяны қазіргі
замандағы мәселелермен ұштастырсақ, онда «коммунизм коғамы» сияқты идеалды,
барлық қайшылықтар жойылған қоғамға ешқашанда жетуге болмайды, оған тек
шексіз жақындай беруге болатын сияқты.
Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы үш сатыдан өтуі қажет. Бірінші - трагикалық
саты, мұнда тағдырдың ессіз күштері көне замандағы ұлы мемлекеттерді келмеске
жібереді. Екінші сатыда халықтар мен әртүрлі мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сай
біріге бастайды, үшінші — әлі тарихқа келмеген болашақта — тағдыр мен табиғаттың
күштері бір-бірімен ұласып, Дүниеге Мессия (Құтқарушы) келеді. Әрине, мұндай
көзкарастан біз Шеллингтің бірте-бірте теософиялық ағымға өтіп бара жатқанын
байқаймыз.
Шеллинг еріктік мәселесіне, Фихте сияқты, көп көңіл бөледі. Бірақ ол бұл
категорияны қажеттікпен тығыз ұштастырады.
Еріктік дегеніміз - ол тарихи қажеттікті танып-білу, ал оның кілті - жеке
адамдарда емес, тек қана адамзаттың қолында, өйткені әр адам ез өмірінің шеңберінде
өзінің жеке мақсаттарын койып, соған жетуге тырысады. Бірак барлық адамдардың
косыла жеткен тарихтағы нәтижелері баскаша болып шығады.
Осы тұрғыдан өз заманының тудырған талаптарын талдай келе, Шеллинг алдағы
тұрған негізгі мақсат - құктық мемлекетті орнату деген ойға келеді, өйткені абсолюттік
еріктік мүмкін емес, толығынан еріктікке ұмтылған адамдарды шектеу қажет, ал оның
өзі құқтық мемлекеттің шеңберінде заңдық жолмен жасалуы ғана мүмкін. Сонда ғана
нақтылы тарихи негізделген еріктік мөлшеріне жетуге болады.
Шеллингтің бұл ғажап идеясы бүгінгі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан
процестерді сараптауға жол ашады, өйткені тоталитарлык теңдіктен либерализм
(еріктік) жолына өту бүгінгі таңда өте үлкен қиындықтарды туғызып отыр. Егер
біреулер осы уакытка шейін өзінің ерікті тұлға екенін жете түсіне алмай отырса,
екіншілер еріктікті «ойыма не келсе, соны істеймін» дегенге теңеп, моральдык және
құктық нормалардың шеңберінен шығып, асқан арсыздықтың жолында басқалардың