Нуржігіт Алтынбеков 296
VIII тарау. Маркстік философия Маркстік философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтік-
экономикалық, саяси ілім ретіндегі марксизммен ТМД елдері халықтарының XX
ғасырдағы өмірі мен тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзілік тарихта алғашқы
рет Кеңес Одағында марксизмнің негізінде коммунистік қоғам орнатуға бағытталған
орасан зор әлеуметтік батыл да кайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа
созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтік
эксперименттің құрбаны болды. Енді міне, бүгінгі өтпелі дәуірде өмір сүріп жатқан
адамдар сол заманға әртүрлі баға беруде. Біреулер Кеңес Одағын қаһарлы
тоталитаризмнің дүниеге келуімен теңеп, ол қоғамды «қайыршылықтың теңдігі»
орнаған қауым деп есептесе, екіншілер өткен тарихқа өкіне қарап, ондағы адамдық
қатынастардың тазалығына, білім беру, денсаулық сақтаудың ақысыз болғанына,
жасөспірім балалар мен әлсіз қалған кәрілерге деген мемлекеттің көмегіне жылы
шыраймен қарайды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған
сайын, оған қайта баға беріліп, сол қоғамның көп жақсы жақтарын қайта жаңартып,
өмірге енгізуіміз керек деген пікірлер бүгінгі таңда аз емес.
Ал енді тікелей өзіміз оқып отырған философия пәніне келер болсақ, жақын
тарихымызда «маркстік философия — дүниежүзілік 2,5 мың жылғы тарихы бар
философияның ең биік шыңы» деген пікірде болғанбыз. Содан кейін, өтпелі коғамның
шеңберінде, оған қарама-қарсы, маркстік философияның жетістіктерін жоққа шығаруға
бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгеріп отыратын адамдардың пікірлері де
көптеп пайда болды.
Әңгіменін шынына келсек, маркстік философия - адамзаттың рухани ізденісінің
көп шыңдарының біреуі, оны асыра да, кеміте де бағалауға болмайды, әсіресе оның
гуманистік, рухани жақтары осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың жүрегінде
ұялаған. Сондықтан, жас дос, сіз бұл ілімнің негізгі қағидаларын зерттеп, оны басқа
ілімдермен салыстырып және бүгінгі адамзаттың алдында тұрған көп