Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет270/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
309 
Шопенгауердің дүниесезіміне трагикалық музыка (реквием сияқты) 
жақынырақ болды - тек қана осы әуендер адам болмысының қайғылылығын, 
трагедиясын жете сезіндіре алады. 
Әлемдік Ерікпен күрестің екінші жолы - этикалық. Егер дүниедегі барлық 
зардаптың түп-тамыры Ерікке барып тірелсе, оны жою моральдық жағынан алып 
карағанда - ақталатын нәрсе. Ал адам саналы пенде ретінде өз ішіндегі ерікті жою 
арқылы әлеуметтік Ерікті тарата алады. Ол үшін Шопенгауер адамдарға 
«категорикалық императив» (үзілді-кесілді талап) ұсынады: «өзіңе қалайтынның 
бәрінен де бас тартып, қаламайтыныңды жаса». Бір қарағанда, ол ақылға 
сыймайтын нәрсе сияқты. Бірақ оның негізінде жатқан мағына мынада: ол - адамның 
өмірге деген қызығушылығын, соған бағытталған еркін сөндіру. Ол үшін адам 
аскетикалық өмір салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлісіп, өзінің жан-
дүниесінде ешқандай да өзімшілдіктін жұрнағын қалдырмай құртуы керек. Сонда ғана 
адам өмірге деген қызығушылықтан толығынан арылып, өзі сияқты жердегі 
бақытқа жетуден бас тартқан адамдармен бірігіп, басқа адамдардың зардабын, 
қайғысын жеңілдетуге тырысады. Бұл көзқарас үнді халқының тудырған «нирвана», 
көне Грек философтарының «атараксия» деген ұғымдарына өте жақын. 
Әрине, Шопенгауердің дүниеге деген көзкарасында өз заманының көп теріс 
жактары әшкереленген. Бугінгі таңда адамзат ол кайшылықтардың бәрін шешті деп 
айта алмаймыз. Керісінше. Шопенгауердін көрсеткен теріс кұбылыстары етек жайып, 
әрі қарай бара жатқанға ұксайды. XX ғ. адамзаттың қолы жеткен ғажап жетістіктерінің 
негізінде пайда болған болашақ жөніндегі романтикалық көзқарастар бүгінгі XXI ғ. 
басында тек қана ауыр күрсіну пен өкініштен басқа еш сезім тудырмайды. Жақында 
ғана Үндістан мен Пәкістан елінің арасындағы кайшылықтар ядролық қарудын 
қолданылуына әкелуі мүмкін деген үрейді тудырып, қоғамдық ахуалды дүр 
сілкіндірді. Жер бетіндегі экологиялық жағдай бірте-бірте өршіп, жыл сайын 
ғаламдық дағдарысқа қарай әкеле жатыр. Уақытында неміс халқының заңды түрде 
берген дауысын алып, билікке келген Гитлер адамзатты қандай қантөгіске әкелгенін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет