Нуржігіт Алтынбеков 307
дүниені тудырса да, оған ешқандай тәртіп, жоспар сияқты нәрселерді әкеле алмайды,
керісінше, ол заттарды бір-бірінен бөліп, қиратып, карсы қойып, оған тағы да
канағаттанбай, өзінің шексіз ізденісін, күресін жалғастыра береді. Ол ызаға толы, не
істеу керектігін білмегеннен кейін, өзін-өзі тырнап, жыртып жаткан жануарға ұқсайды.
Енді әлемдік еріктің тудырған дүниесіндегі оның көріністеріне назар аударсақ,
олар - өлі табиғаттағы дүниежүзілік тарту, магнетизм, химиялык қосындылар т.с.с.
табиғат күштері. Тірі табиғатта - тіршіліктер формаларының өмірге деген еркі, сол
үшін өзара бір-бірімен күресі, өмірді жалғастыруға бағытталған жыныс инстинктері,
адам өміріндегі ешкашанда ойдағы нәтижелерге әкелмейтін саналы талпьшыстар,
бейсаналық түрде пайда болатын әртүрлі сезім толқындары т.с.с.
Бірақ қандай да болмасын өмірдегі кұбылыстарды тудырса да, олар күрделеніп,
саналы түрде сезінілген сайын, әлемдік ерік оларға канағаттанбай, өзін зардап шегіп,
азапқа толы, бақытсыз ретінде сезінеді. Мысалы, адам өмірінің деңгейіндегі еріктің
көрінісіне келер болсақ, онда мынаны байқауға болады: егер адам ой өрісі мен
адамгершілік тұрғысынан катты дамыса, соғұрлым оның өмірде неше түрлі
қайшылықтарға келуі көбейіп, зардап шегуі де өседі, әлеуметтік өмірде көре
алмаушылык, надандық пен екіжүзділік жиі кездеседі. Адамдардың өмірі жетіспеушілік
пен үрейге, кайғы мен қасіреттерге толы. Өмірге келген жана ұрпактар өткендердін
қателіктерін тағы да қайталайды, адамгершілігі жоқ адамдар қоғамды билейді,
ғылыми жетістіктер залымдық жолында жұмсалады. Ал моральдық салаға келер
болсақ, соңғы ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық болған жоқ - езілу,
зардап шегу, қантөгіс, қатыгездік осы уақытқа шейін азаюдың орнына көбейіп келеді.
Мәңгілік алаңдаушылық пен тұрақталынған адамдардың бір-біріне деген сенбеушілігі
өмірді шырмап алған.
Әрине, Шопенгауердің жоғарыдағы көрсетілген коғам өміріндегі келеңсіз жайттар
жөніндегі ойларын біз сырттата алмаймыз. Керісінше, оның санын бүгінгі өмірге қарап
өсіртуге де болар еді. Өмір алдына үлкен мақсат-мұраттар қойып, соған жету жолында
неше түрлі «тар жол, тайғак кешуден» өтпеген адам кемде-кем болса керек. Бұл