Нуржігіт Алтынбеков 306
өз замандастарынан оқшау да жалғызілікті өмір сүреді. Өмірінің соңғы 10 жылында ол
даңқтың шапағатына да ие болады. Бірақ нағыз атақтылық оған XX ғ. келеді.
Шопенгауердін ойынша, Дүниенің негізінде өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрі бар
Әлемдік Ерік жатыр. Сонымен материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы
философтар жатқызған Дүниенің негіздерін ысырып тастап, ойшыл «ерік» ұғымын
дүниені түсінудегі негізгі категорияға айналдырады.
Бұл ұғымның тарихына кез жүгіртсек, көне заманда «сана» мен «ерік»
категориялары әлі бір-бірінен бөлініп алынған жоқ-ты. Мысалы, Сократ адамдардың
жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттеріндегі келеңсіз жайттар оларды білмегендерінде
деген пікір айткан болатын. Егер адам жамандықты білетін болса, онда ол оған
бармайды. Алайда Орта ғасырда өмір сүрген ұлы христиан философы Августин мұндай
көзқарасты толығынан теріске шығарады. «Жамандықтың не екенін білсем де, соған
карай мені тартады, мен соны іске асыруға ынтықпын», - дейді ұлы ойшыл. Өйткені
ақыл-ой - біледі, ал ерік - таңдайды. Міне, осы сәтте Августин сана мен еріктің екі
түрлілігін айқын көрсетеді. Діни ойшыл адамның Құдай алдындағы күнәкәрлігінің
негізгі себебін еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан ауыткуынан табады.
Жаңа дәуірде неміс философиясының шеңберінде Кант практикалық зерденің
үстемдігін көрсете келіп, оның негізін еріктің бостандығынан көреді. Канттың бұл
идеясын Фихте әрі қарай дамытып, «Меннің» ерікті іс-әрекетінен Дүниенің пайда
болуының рухани қайнар көзін көреді. Қалай айтканда да, Шопенгауерге дейін ерік
категориясы ерекше түрде алынып, Дүниенің негізіне жатқызылған жоқ-ты.
Сонымен, Шопенгауердің ойынша, Дүниенің негізінде жатқан Ерік - ол біреу
және одан басқа еш нәрсе жоқ, бірақ ол өзінің өмірдегі құбылуында шексіз сан алуан
болып көрінеді. Ол - өзінің толык еркімен теңелетін бейтұлғалық орасан зор құдіретті
күш. Ол бейсаналы болғаннан кейін, өзінің мәңгілік қалыптасу, мақсат-мұратсыз
өмірге ынтық болу барысында неше түрлі залымдықты тудыруы мүмкін. Әлемдік
еріктің ешқандай себебі, белгілі бір негізі болмағаннан кейін, ол ешқандай
зандылықтарға бағынбайды. Өзінің өмірде болуға деген іңкәрінің негізінде ол бүкіл