Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет269/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
308 
өмірдің трагикалық диалектикасын өмірден әсіресе көп зардап шеккен қазак халқы 
«орындалмайтын арман», «жалған», «дүниенің төрт құбыласы ешқашанда бір-біріне 
тең емес т.с.с. ойлармен беріп, нағыз бакытты өмірді о дүниедегі жұмақтан іздеген 
болатын. 
Сонымен, Шопенгауердің ойынша, зардапка толы дүниенің негізгі күнәкары - 
әлемдік Еріктің өзі. Бірақ оның санасы болмағаннан кейін, ол өз істеріне жауап бере 
алмайды, тек қана мәңгілік бір трагедиядан өтіп, екіншіге т.с.с. ауыса береді. Бұл 
арадағы бір үміт — әлемдік Ерік сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелді. Міне, 
дүниенің ажырамас бір бөлігі ретіндегі адамдардың өзі ғана сол әлемдік Ерікке карсы 
шығып оны таратуы керек, сонда ғана Дүниенің зардабы токтатылады. Ол үшін адам 
өзінің өмірлік күш-қуатын, өз бойындағы еркін сол дүниені тудырған әлемдік Ерікке 
қарсы қоюы қажет. Ал мұның өзі ең алдымен адамдардың философиялық таным 
арқылы әлемдік Еріктің терең мәнін зерттеп-білуімен тығыз байланысты. Содан кейін 
адам екі сатыдан етуі керек. Алғашқысы - эстетикалык аңдау, соңғысы - моральдык 
жолмен жетілу. 
Эстетикалық аңдауға келер болсақ, Шопенгауер Канттың айтып кеткен пікірін 
қолдап, оның риясыздығына аса көп көңіл
бөледі - онда ешқандай өзімшілдік сезім, 
я болмаса пайдақорлық ойлар, мүдделер болмауы керек. Өнерді игерудің негізгі 
мақсаты-адамның жан-дуниесін өзімшілдіктен шығатын зардаптан құтқарып, оны 
тыныштықка бөлеу. Өнердің түрлерін талдай келе, Шопенгауер мүсін мен сурет - 
кеңістіктің, ал әуен мен поэзия - уақыттың шеңберінде ғана өмір сүре алады
дейді. Бұлардың бәрі де өз мүмкіндігінше әлемдік Ерікті сипаттайды, бірақ
әуеннен терең өнердің түрі жок. Өйткені әуенде оны шығарушы, орындаушы мен 
тыңдаушының арасындағы айырмашылық мүлдем азаяды. Өзінің ең биік 
жетістіктерінде әуен әлемдік Ерікті ақылмен тусіндірілмейтін құпия жолмен біздің
жан-тәнімізге сезіндіреді. Әрине, Шопенгауердің бұл ойлары Шеллингтің
көзқарасына жақын екенін байқауға болады. Тек Шеллинг әуенді, әсіресе оның 
симфониялық түрін, Абсолютке жетудің жолы деп есептеген болатын. Ал 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет