Нуржігіт Алтынбеков
359
депті. «Қай заманда кім түйені шатырдан іздеген екен?» - деген сүраққа, олар: «Біз
сенен өнеге аламыз, сен
тақта отырып, Алла тағаламең жақындасқың келмей ме? Қай
заманда кімде-кім осындай орыннан Құдайға жақындаған», - депті. Осыдан кейін
Әдхам сарайдан қашып шығып, ел
кезіп, дәруіштік жолға түскен екен. Міне,
Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етіп былай дейді:
«Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргіл,
Тілек берсең, дүние қызығын тепкім келер».
Сопылық философияның көрнекті өкілі Баязитті де өнеге тұтып: «Шайық Баязит
жетпіс рет өзін сатты,
Бұл дүниенің бар қызығын тастап атты», - дейді.
Әрине, мұндай пікірлер кейбір оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай
келмеуі мүмкін. Бүгінгі жекеменшікті қалыптастырып, оны әрі қарай дамыту жолында
«баю идеологиясы» көп
насихатталғаны баршаға мәлім, - саяси түрғыдан алғанда, ол
керек те болған шығар, өйткені бұрынғы Кеңес Одағындағы өндірісті бірегей
(тотальды) мемлекеттендіру адамдардың өндірісті
дамытуға деген ынталарын су
сепкендей басып, өндіргіш күштерді тоқыраулатқан болатын. Негізінен, сол себепті
ол
қоғам да құлдырап, келмеске кетті емес пе? Алайда тек дүние қуу жолында дүрыс
қоғам орнату мүмкін бе? Әрине, жоқ. Бұл жөнінде Қ.А.Яссауи былай дейді:
«Дүние менікі дегендер
- жаһан малын алғандар,
Құзғын құстай арамға
белшесінен батқандар. Молда, мүфти болғандар - жалған жала жапқандар, Ақты қара
қылғандар: ол тамұққа түседі. Қазы, имам болғандар - нақақ жала қылғандар, Есектей
болып жегіліп, жүк астында қалады. Пара алған әкімдер - арамдықпен жүргендер, Өз
бармағын өзі шайнап, өкінішпен қалады».
Ол өз заманындағы рухани-адамгершілік
ахуалға көнілі толмай, ондағы
кемшіліктерді қынжыла сынайды:
«Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті,