Нуржігіт Алтынбеков 362
Керісінше, зорлық қарымына одан де өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру жек
көру-шілікпен ешқашанда тоқталмайды. Тек жек көрушіліктің жоқтығы ғана жек
көрушілікті жояды», - деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың жолымен жер
бетінде жұмақ - коммунизмді орнатқысы келген болыневиктер қоғамды қандай
күйзеліске әкелгенін өткен жақын тарихымыздан жақсы білеміз. Бүгінгі таңда
бүкіладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты болдырмау, әр болуы мүмкін
шиеленісті бейбіт жолмен шеше білу, жеке адамның құқықтарын басымды орынға
қою мәселелері үлкен орын алып отыр.
Қ.А.Яссауидің қойған пендешілікті шектеу, нәпсіні тыю, руханиятты жоғары ұстау, қанағаттыққа келу мәселелері бүгінгі әсер бетіндегі өмір сүріп жатқан
адамзат қауымына өзінің өзектілігімен танылуда. Әрине, арада сан ғасырлар өтті,
өндіргіш күштер ол заманда түске де кірмейтін ғажап биіктіктерге көтерілді, бірақ,
сонымен қатар қоғамның рухани-адамгершілік саласы да сондай биіктіктерге самғады
деп айта алмаймыз. Әрине, бұл сала да бір орнында қалған жоқ, онда да алға
жылжушылық байқалады, бірақ оның даму қарқыны материалдық саламен
салыстырғанда анағұрлым төмен болуда. Нәтижесінде, дамыған елдер бүгінгі таңда
өз халықтарына материалдың жағынан қандай биік түрмыс деңгейін жасағанмен,
миллиондаған адамдар өз өмірінің терең мән-мағынасын таба алмай, ішімдікке,
нашақорлыққа, қылмыстыққа т.с.с. бұрмаланған өмір жолына түсуде. Тойымы жоқ қоғамда қанша мол материалдық игіліктер өндірілсе де, өне бойы жетіспеушілік байқалады. Сондықтан да осы елдердің көш басындағы АҚШ мемлекеті өз
шекарасынан ондаған мың шақырым алыстағы жерлерді «өз ұлтының мүддесі бар
аймақтар» деп жариялауда...
Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгінгі адамзаттың
рухани-адамгершілік күйзелістен шығу жолында іске жаратуға болатындығына біз
кәміл сенеміз.