Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет328/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

жерге тұрақтату саясатын алғашқы бастаған түлға десек, артық айтпаған болармыз: 
«Шығарсам арық қазып, Сырдан бойлап, 
Ел болсақ отырысты болар еді-ау, 
Қыстасақ Алатауды жазда жайлап. 
Бір жағымыз қалалы диқан болсақ, 
Көшпелі, бір жағымыз бие байлап, 
Елдерден қатар жатқан үлгі алайық, 
Болашақ келер ұрпақ қамын ойлап», - деген даналық ойлар айтады. Алайда 
әлсіреген халық көшпенділіктін шеңберінен өз ішкі күшімен шыға алмады: оған «ұлы 
мәртебелі Тарих» та уақыт бермеді, тек Ресей империясының құрамына кіріп, сан қилы 
киындықтардан өтіп барып, оның бүгінгі Егемендікке қолы жетті. Сондықтан әрбір 
саналы жас өзін қазақ халқының бейбіт, бақытты өмірін арман еткен бабаларының 
өсиетін жадында сақтап, Елді қорғауға, оның бірлігі мен іргетасын нығайтуға белсенді 
атсалысуы қажет. Ол үшін ең алдымен терен де сапалы білім алып, оны шынайы 
өмірде пайдалану жолдарын игерген жөн сияқты. 
§ 5. XIX ғ. ағартушылық философия 
Қазақ халқының тарихындағы XIX ғ. келер болсақ, Ресей империясының 
бодандығына өткен елде, сол алып мемлекеттің шеңберінде жаңаша, негізінен, жерде 


Нуржігіт Алтынбеков 
382 
отырып өмір сүру жолдарына икемделу, осы күрделі де қиын жағдайда халықтың өзін-
өзі сақтап қалу мәселесі өмірдің алғышарттары ретінде тарихи сахнаға шығады. 
Халықтың тарихында бұрын-соңды болмаған мұндай өткір бетбұрыс философия 
саласында ағартушылық ағымды тудырады. 
Бұл арада айтып кететін нәрсе - әрбір халық өзінің өмірінің шешуші кезеңдерінде 
Тарихтың қойған жаңа Талаптарына сәйкес Жауап қайтаруы керек. Ол үшін ескі 
құндылықтар жүйесін өзгертіп, Дүниеге деген жаңа көзқарас енгізу қажет. Мұндай 
күрделі істі зиялылар қауымының алдыңғы қатарлы өкілдері жасап, халықтың сана-
сезімін өзгертуге тырысады, оны біз ағартушылық саты деп атаймыз. Ондай кезең 
уақытында барлық елдерде болған. Отандық ағартушылықтың негізгі ерекшеліктерінің 
бірі -рұлық, одан әрі асса, ерте феодалдық қарым-қатынастағы, көшпенділік өмір 
салтын ұстаған халықты жаңа әлеуметтік-әқономиқалық, саяси-кұктық жағдайда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет