Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет337/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
392 
Жүмсамайсың... Сенікі біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден 
алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол» (аталған шығарма,27б.). Өз ойын әрі қарай 
жалғастырып, Абай сол жолмен тапқан малды енді сарып қылып, ғылым табу керек 
тігін айтады. Өзіңе табылмаса, балаң тапсын деген талап қояды. «Ғылымсыз ахирет 
те 
жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған 
қажылық 
ешбір 
ғибадат 
орнына 
бармайды. 
Ешбір 
қазақ 
көрмедім, 
малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған» (атал. шығ,28б.), — деп өкінеді 
ұлы ойшыл. 
Қорыта келе, Абайдың нарықтық қатынастардың жетік білгірі болғанын айта келіп, 
оның көтерген мәселелері осы күні де өзінің өзектілігімен байқалады деуге болады. 
Абайдың саяси-құқықтық көзқарастарына келер болсақ. онда да өнегелі көп 
терең ойларды табамыз. Әрине, Абайдың еңбектерінен «кұқтық мемлекет» деген 
ұғынды іздеу бекер болар, адам қандай ұлы болса да, өз заманының перзенті ғой. 
Бірақ Абайдың саяси-құқтың көзқарастары осы ұғыммен байланысты екенін байқауға 
болады. Абай отарлық саясатты әшкерелей келе, «бөліп ал да, билей бер» деген 
саясаттың негізінде халықтың ішінде іріткі пайда болып, жеке адамның құқтарының 
өрескел бұзылғанын әңгіме қылады. «Болыс болдым мінеки» деген өлеңінде Абай: 
«Бұрынғыдай дәурен жоқ, 
Ұлық жолы тарайды, 
Өтірік берген қағаздың 
Алды-артына қарайды. 
Тауып алып жалғанын, 
Қылмысыңды санайды. 
Өзі залым зәкүншік 
Тонап алды талайды. 
Көрмей түрып құсамын 


Нуржігіт Алтынбеков 
393 
Темір көзді сарайды», - деп, патшалық саяси тәртіпті әшкерелейді. 
Абайдың сот тәуелсіздігі жөніндегі ойларына келсек, ол да бүгінгі күнгі 
талаптармен үндесіп жатыр. Бұл қағиданы іс жүзінде өмірге енгізу үшін сот 
қызметкері сол жұмысқа өмірлік сайлануы қажет. «Әрбір елден толымды-білімді кісі 
билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе - жаманшылығы әшкере білінгендіктен 
түссе, әйтпесе түспесе», - дейді ұлы ойшыл. Егемен мемлекетімізде Абайдың айтқан 
бұл ойын іске асырдық, бірақ етек жайып кеткен пара алатын «зәкүншіктер» осы 
уақытқа шейін таусылар емес. 
Абай бүкіл болмысымен, жан-тәнімен өз халқын сүйген, сол себепті оның тарихи 
қалыптасқан кемшіліктерін әшкерелей білген. Өз кемшілігін сезіну - одан жартылай 
құлылумен тен емес пе, қалған жартысын білім алу, қажырлы еңбек ету жолында 
жоюға болады. Абай «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалды талдай келе «Ардан 
кеткен соң, тірі болып жүргенің кұрысын» (29-сөз., аталған шығарма, 63 б.), - деп 
қынжылады. «Қалауын тапса қар жанады», «Атың шықпаса, жер өрте», «Алтын 
көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» 
деген мақал-мәтелдерге сын көзбен қарап, қазақ, дүниесезімінде қалыптасқан теріс 
кертартпа қылықтарды қатты сынға алып, оларды түзеуге шақырады. 
Біздің бұл мәселеге тоқталған себебіміз - дербес мемлекет болып қалыптасып, 
жаңа өмірге ұмтылып жатқан жағдайда, ұлттың өзіндік сыны 100 жылдан аса уақыт 
өтсе де, Абайдың деңгейінен төмен болып тұрғандығы. Керісінше, қоғамдық санада 
«Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық» деген сорақы пікір кең тараған. 
Сонда біз халықтың теріс қылықтарынан қалай арыламыз?! Я болмаса бүгінгі таңдағы 
қазақ халқының кемшіліктері жоқ па? Олай болса, біз неге басқа алға кеткен 
халықтардан озып кетпейміз? Бұл қойылған сұрақтарға қарсы «қазақ елі көп ұлтты 
мемлекетке айналғаннан кейін, басқалардың алдында ез кемшіліктерімізді 
әшкерелегеннің жөні болмас» деген пікірді де естіп жүрміз. Ал басқалар сынаса, 
жатып алып долданамыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет