«географиялық детерминизм» бағытын ұстағанын байқаймыз. Қоғамның дамуына
айнала қоршаған ортаның жазықтығы, я болмаса тау-тастығы ауа райы, жер құнарлығы
т.с.с. факторлар жатады, Сондықтан шегі жоқ жазық дала мал баққан көшпендінің
енжарлығын, еріншектігін т.с.с. қасиеттерін қалыптастырса, тау мен тасқа толы,
сарқырап аққан қаһарлы өзен-сулары бар, неше түрлі қауіпке толы аймақтар,
керісінше, адамның жинақтылығын талап етеді. Мұндай көзқарас Батыс Еуропадағы
француз ағартушыларының ойларына сай келеді: мұның өзі ойшылдың тек Орыс
ғалымдарымен ғана емес, сонымен қатар Батыс философиясымен де таныс болғанын
дәлелдей келе, оның өз заманының ой-өрісінен қалмағанын көрсетеді.
Нуржігіт Алтынбеков
384
Олай болмақ түгіл, ол бүгінгі таңдағы мәселелерді теренірек тусінуге көмектеседі.
Мысалы, реформалардың басында ауыл щаруашылығындағы ірі ұжымдық мекемелерді
жойып, олардың орнына жеке шаруашылық қожалықтарын орнату саясаты жүргізілді.
Әрине, мұндай саясатта елдің географиялық ерекшеліктері ескерілген жоқ. Қазақстан
АҚШ, я болмаса Бразилия немесе Франция емес. Енді бүгінгі таңда ғана біз жіберген
қателіктерімізді байқап, талдап жатырмыз. Сонау көне заманнан бастап Жаңа
дәуірге дейін, елдің сайын даласында тек қана көшпенді мал шаруашылығы ең
тиімді шаруашылық формасы болғанын Шоқаннан кейінгі бізге де мойындауға тура
келеді. Тек қана индустриялық-машиналық өндіріс пайда болып, өндіргіш күштер зор
даму қарқынын алған кезден бастап қана, солтүстік және орталық өңірлерде жерге
тұрақтану мүмкіншілігі пайда болып, сол кезден бастап қазақ жерлеріне басқа
мемлекеттердің «қызығушылығы» пайда бола бастады.
Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-саяси, құқтық көзқарастарына келер болсақ,
ойшыл жан-тәнімен халықтың қамын ойлап, «әділетті басқару» жүйесі арқылы
«парасатты реформалардың» негізінде халықтың хал-ахуалын өзгертуге болатынына
сенді және оны жақындату үшін барлық күш-жігерін салды. Ол 1862 ж. Атбасар
аймағының сұлтан-басқарушы лауазымын жеңіп алу үшін сайлауға түсіп жеңгенмен,
патша үкіметі оны бұл орынға бекітпей қойды. Одан кейін Шоқан «Сот реформалары
женіндегі жазбалар» атты өзінің ғылыми еңбегін жазады. Осы кездегі Ресей
мемлекетінде буржуазиялық-демократиялық реформалар қомақты орын алып жүріп
жатқанымен, «азиаттық деспотия», пара алу, заңды бұзу, қарапайым адамның ар-
намысын аякқа басу т.с.с. кертартпалықтар бұрынғыдай болып жатты. Сондықтан
Шоқан Ресей мемлекетінің құқтығына зор күмән келтіреді. «Құктық Мемлекетте
заңдардың үстемдігі әрқашанда сақталуы қажет, оны ешкімнің де аттап өтуіне құқы
жоқ. Заңдар бұзылған жағдайда жаза әділ сот арқылы берілуі керек», — деп қорытады
ойшыл.
Шоқан Патша өкіметінің Ресей сот институтын өзгертпеген, бейімделмеген түрде
|