Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет33/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
34 
болсақ, олар бізді алдайтын жалған елестер, өйткені біз оларды нақтылы қабылдай 
алмаймыз. Әрине, бұл қағида материализмге де, объективті идеализмге де қарсы 
бағытталған. Мысалы, Дж.Берклидің айтуына қарағанда, материя ұғымы - жалған 
елес, өйткені біз оны өзіміздің жан дүниемізден таба алмаймыз. Біз нақтылы ағашты, 
үйді, басқа жанымыздағы адамдарды, машиналарды т.с.с. қабылдай аламыз, ал 
материяны ешкім өзінің жан дүниесінде елестете алмайды. 
Олай болатын болса, шындықтың өлшемі ұғымдар емес, адамның түйсіктері, 
солардың жиынтығы, жалпы адамның психикалық өмірі ғана (рsусһе - грек сөзі, жан 
дүниесі). Мұндай көзқарасты шегіне шейін кайшылықсыз созсақ, онда Дүние дегеніміз 
сол өмір сүріп жатқан субъектінің жан дүниесі ғана, басқа ештеңе де жоқ. Мұндай 
көзқарасты философияда солипсизм дейді(solus-латын сөзі, бір; ipse-өзім,жалғыз 
өзім ғана деген мағына береді). Әрине, мұндай көзқарас абсурдқа (absurdus-латын сөзі, 
беймағыналық) әкеліп тірейді. 
Олай болса, адамның дүниетанымының шындығын қалай дәлелдеуге болады 
деген сұрақ пайда болады. Субъективті идеализм оған шарттық тұжырымдама 
арқылы жауап береді. Егер біздің дүниетанымымыз басқа адамдардың сезіміне сәйкес 
келсе, онда ол рухани болмыстың шындығын дәлелдейді. Ал рухани ортақ болмыстың 
болуының өзі оны тудырған Құдайды мойындауға әкеледі. Сонымен субъективті 
идеализм өз шеңберінен шығып, ақырында, объективтік идеализммен ұштаса кетеді. 
Қорыта келе, идеализмнің қай түрі болмасын рухты алғашқы күш ретінде 
мойындайды. Ал бұл ағымның әлсіз жағы - қалайша жоқтан бар нәрсе туады деген 
сұрақ, өйткені бүкіл адамзаттың тәжірибесі жоқтан барды туғызуға болмайтынын 
көрсетеді. Әрине, мұндай көзқарас қазіргі көзі ашық адамды толығынан 
қанағаттандырмайды. 
Бұл арада біз материализм және идеализм деген ұғымдардың жай қарапайым 
өмірде де басқа мағынада колданылатынын атап өтуіміз керек. Қарапайым адамдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет