Нуржігіт Алтынбеков 32
Егер материализм адамның ішкі өмірінен гөрі сыртқы дүниені танып-білуге бағытталса, идеализмнің ең негізгі мәселесі - адам, оның өмірі мен ой-өрісі, тағдыры
мен үміті, зардабы мен қуанышы т.с.с. Сондықтан идеалистік философияның
аксиологиялық, праксеологиялық жақтары онтологиялық, гносеологиялық жақтарына
қарағанда басымырақ болады. Идеалистік философияның негізгі екі түрін бір-бірінен
ажыратуға болады: ол объективті және субъективті идеализм. Батыс философиясында алғашқы рет тұжырымдама ретінде жан-жақты
біртұтас жүйелік объективтік идеалистік көзқарас Платонның философиясында
қалыптасты.
Платонның Эйдос әлемі - рухани әлем және сонымен қатар, бұл Дүниедегі
нақтылы заттардың алғашқы кейпі (еіdоs - идея). Философтың ойынша, идеялар
заттардың табиғатында көмескіленіп, бұрмаланады. Сондықтан сезімдік заттар
әрқашанда толығынан өзінің идеясына сәйкес келмейді. Платонның ойынша, идея
әлемі мен заттар әлемін бір-бірімен қосқан Демиург - ол мәңгілік өмір сүріп жатқан
енжар материядан идеяларға ұқсайтын, соған сәйкес заттарды жасайды
(demeieourgos- грек сөзі, өнерші , demeieourgos -қолөнерші,ұста).
Платонның таным теориясы адамның жан дүниесінің бұрынғы идеялар әлемінде
өмір сүрген кезін анамнезистеуге, еске түсіруіне негізделеді (аnаmnеsіs - грек сөзі,
еске түсіру). Оған түрткі болатын адамның сезімдік қабылдауы, өйткені ол заттың
ұғымдық мәніне жете алмайды да, адамның ойлау қабілетін оятады. Адамның жан
дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін мәңгілік, ол ешқашан өлмейді.
Объективті идеализмнің негізгі қағидалары Орта ғасыр заманында монотеистік
(monos-грек сөзі, біреу; tһеos - кұдай) діндердің қалыптасуына зор әсерін тигізді.
Платонньң идеялары христиан дінінде Құдайдың ойынаайналады. Егер
Платонның Демиургі мәнгілік өмір сүріп жатқан материяға идеалдық бітім берсе,
христиан діні Құдайдың кұдіретті сөзі арқылы жоқтан бар Дүние жаратылды дейді.
Сонымен Платонның мәңгілік өмір сүріп жатқан енжар материясы үзілді-кесілді