Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет32/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
33 
теріске шығарылып, Құдайдан бұрын еш нәрсе жоқ, Дүниенің бәрі соның құдіретті 
күші арқылы пайда болады деген қағидаға аса үлкен мән беріледі. 
Дінде адамның дүниетанымындағы ақыл-ойы теріске шығарылмайды, бірақ ол 
сенім ақиқаттарымен шектеледі. Адамның ақыл-ойы Құдайдың берген аянынан биік 
емес, керісінше сенімге сәйкес болуы керек. 
Платонның көзқарасы бойынша, зұлымдық Дүниенің кемшіліктерінен пайда 
болады, ал оның өзі енжар материя мен идея қосылған кезде, яғни бұл жалған Дүние 
пайда болысымен-ақ сонымен бірге өмірге келеді. 
Діни философияда керісінше: Құдайдың логосынан (lоgоs -грек сөзі, сөз, мән-
мағына) жаратылған Дүние еш мінсіз, таза, әсем болып дүниеге келеді. Зұлымдықты 
алатын болсақ, ол - тарихи оқиға, оның себебі - адамның еркінің алғашқы көрсетілген 
Құдайдың жолынан ауытқуы. Олай болатын болса, тарихтың соңында Құдайдың 
жасаған таза, әсем жаратылысына қайтадан оралуға болады. 
Жаңа дәуірде Декарттың философиясында идея бөлек материямен қатар өмір 
сүретін ерекше субстанция ретінде қаралса, Гегельдің философиясында абсолюттік 
идеяның өзін-өзі тану жолындағы белсенділігіне айналады. Ал XX ғасырдағы 
философияда ерекше өмір сүріп жатқан құндылық, мән-мағына әлеміне 
феноменология (рһеnоmеnоn - грек сөзі, құбылыс), я болмаса ғылыми идеялар мен 
теорияларға айналады (ағылшын философы К. Поппердің «үшінші әлем» ілімі). 
Сонымен 2,5 мың жылға созылған объективтік идеализмнің тарихының негізінде 
оның әртүрлігіне қарамастан, бұлжымаған бір ғана нәрсе бар, ол - рухтың, ойдың, 
жан-дүниенің, Құдайдың біріншілігі мен материяның, жаратылған дүниенің 
екіншілігі. 
Идеализмнің философия тарихындағы екінші түрі - субъективті идеализм. Бұл 
философиялық ағымның ерекшелігі - тек қана жан дүниесінің өмір сүруін мойындау. 
Өйткені адам өз-өзіне үңіліп қарағанда өзінің жан дүниесінен басқа ештеңе таппайды. 
Субъективті идеализмнің өкілі Дж.Берклидің айтуынша «Өмір сүру -қабылдауға 
келетін нәрсе ғана». Ал адамның санасындағы неше түрлі ұғымдарды алатын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет