Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет333/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
387 
жылдығы бүкіл Адамзат көлемінде атап өтіліп, қазақ халқының мерейін биік шыңға 
көтерді. Абайтану бүгінгі таңда тек қана қазақ зиялыларының үлесінде ғана емес, 
сонымен қатар бүкіл дүние-жүзілік құбылысқа айналды. Соңғы кезде бірталай мәнді де 
терең зерттеулер жарық көріп, қазақ халқының руханиятының дамуына өз үлесін 
қосты. Біздің ойымызша, «Абайтану» саласының мерзімді түрде шығып тұратын өз 
журналының да шығуына көп уақыт қалмаған сияқты. Өйткені біз әрі қарай дербес 
мемлекет ретінде дамыған сайын, Абайдың айтқан терең ойларымен сусындап, өз 
өмірімізде дұрыс бағыт ұстауға мүмкіндік аламыз. 
Әрине, шағын оқұлықта Абайдан қалған мұраны жан-жақты сараптау мүмкін 
емес. Сондықтан біз Абайдың бүгінгі күндегі көкейкесті мәселелерге байланысты 
ойларына көбірек көңіл бөлсек Дейміз. Қосымша әдебиетті талантты оқырман киындық 
көрмей-ақ, бүгінгі кітапханалардан табады. Осы орайда біз белгілі абайтанушы проф. 
Ғ.Есімнің еңбектерін ерекше ұсынар едік. 
Абай еуропалық мағынада айтылатын классиқалық білім алған жоқ 
(университеттерде оқыған жоқ). Бірақ өзінің ішкі жалыны, дуниені, өмірді тануға 
деген зор құштарлығы мен шабытынын арқасында, ол араб, парсы, орыс тілдері
мен мәдениетін терең игеріп, өзінің дүниеге деген көзқарасында олардың негізгі 
нәтижелерін қазақ руханиятымен біріктіре білді. Абайдың шығармашылық еңбегі 
жанжақты универсализмдігімен таңғалдырады: ол - ақын сазгер, философ, 
аудармашы, құқтанушы, саясаткер. Уақытында М.Дулатов айтқандай, «Зәредей
шубә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша 
жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол 
күндерде Абай құрметі күннен-күнге артар». Міне, бүгін сол кұндер келді, ал 
жастарға қойылатын талап - ұлы Абайды мұкият зерттеп, өз жан-дүниесіне сіңіру
болмақ. Ол біздің хакім-ата алдындағы парызымыз. 
Абайдың онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны ғажап 
та терең, өзінің ерекшелігі мен маңыздылығын ешқашанда жоймайтын діннің




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет