Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет336/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
390 
адам өмірде кездесетін өрескел қиын жағдайлардың әзінде өз абыройын жоғалтпайды. 
Адамның әз-өзін мадақтауы, басқа адамдарды төмендетуге тырысуы - оның 
тайыздығын көрсетеді. Абайдың бұл ойлары қазіргі қоғамдағы болып жатқан 
өзгерістерді дүрыс тұсінуге мүмкіндік береді. 
Бүгінгі таңдағы нарықтық эқономиқаның негіздерін қалыптастыруда
Абайдың өз дәуіріндегі айтқан ойлары өзінің өзектілігімен таңғалдырады. Оның 
ойынша, бақытты өмірге жету адам өз ақыл-ойын, ынтасы мен қабілетін,
өмірден алған оң тәжірибесін біріктіріп алға қойған мақсатын жүзеге асыруға 
жұмылдырса ғана іске асады. Әйгілі «Сегіз аяқта»; «Болмағын кекшіл,
Болсайшы кепшіл, 
Жан аямай кәсіп қыл!
Орынсыз ыржың,
Болымсыз қылжың
Бола ма дәулет, нәсіп бұл? 
Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды қарның тіленбей. 
Егіннің ебін,
Сауданың тегін үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адам бол - мал тап қуансаң, қуан сол кезде»,- деген ақыл-ойын халыққа тартады. 
Халықтың бойына сінген кертартпа қасиет - ол еріншектік. Оны Абай надандық пен 
зұлымдықтың қатарына қояды. 
Абай өзінің 1886 ж. жарық көрген «Базарға қарап тұрсам, әркім барар» деген 
шығармасында былай дейді:
«Базарға, қарап тұрсам, әркім барар,
Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан,
Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.


Нуржігіт Алтынбеков 
391 
Әркімнін өзі іздеген нәрсесі бар 
Сомалап ақшасына сонан алар. 
Біреу ұқпас Бұл сөзді, біреу ұғар, 
Бағасын пайым қылмай, аң-таң қалар. 
Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма? 
Демеймін жалпақ жұртқа бірдей жағар. 
Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ, 
Біреуден біреу алып, елге тарар». 
Бұл шумақтан Абайдың нарықтық қатынастарды жақтап. оның ертелі-кеш елге 
келетінін, сонымен қатар сол кездегі ахуалға көңілі толмағанын байқаймыз. Абайдың 
ойынша, қайсыбір іскер адам артық пайданы, табысты халық игілігіне, 
қайырымдылыққа, мұқтаждық» құрсауынан жапа көргендерге, кемтар, мүгедектерге, 
мәдениет пен білімді дамытуға жұмсауы керек. «Тек қана өзің үшін еңбек қылсаң, өзі 
үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызына еңбек қылсаң, 
Алланың сүйген құлының бірі боласың», - дейді Абай өзінің 37-қара сөзінде. Ешкімге 
қол ұшын бермей, «Мерседес» мәшине мінгеніне, оқтын-оқтын шетелге барып, 
сауық құрып келгеніне мәз кейбір іскерсымақ адамдар бұл Абайдың ойын ұғар ма екен?! 
Абай өзінің әйгілі 2-қарасөзінде қазақты өзбек, ноғай, тәжік, орыстармен 
салыстыра келе, қазақтар сол халықтардан үлгі алып, егін егу, сауда, ғылым, 
қолөнермен айналысып, тазалық пен тәртіпке, әскери қызмет атқарып, Құдайды 
құрметтеуге және маңдай терін төгіп еңбек етуге шақырады. Сонда ғана елге 
молшылық келеді. Тек бүгінгі таңда ғана халықтың көпшілігі осы ойдың даналығын 
мойындаған секілді. Сонымен қатар енжарлық көрсетіп, осы уақытқа шейін 
мемлекетке қарап, қол қусырып отырғандар да аз емес сияқты. 
Абай «байлық» атты ұғымның адамгершілік жағына аса көп назар аударады. 
«Әуелі, Құдайдан мал тілейсіңдер, - дейді Абай. - Құдай тағала саған еңбек қылып, 
мал табарлық қуат берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет