Нуржігіт Алтынбеков 389
адам да Жаратқанды барлық жан-тәнімен сүю керек, сонда ғана ол өз өмірінің мән-
мағынасын табады.
Сонымен адам - Ғарыштың өзегі, ерекше пенде. Бірақ, соған қарамастан, ол —
шектеулі, өлшемді, ал Алла тағала — өлшеусіз, шексіз. Сондықтан «біз Алла тағаланы
өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес... өлшеулі
бірлән өлшеусізді білуге болмайды» (аталған әдебиет, 83 б.). Біз бұл арада Абай
ойының сол кездегі Еуропа топырағындағы ағартушылардан анағұрлым терең екенін
байқаймыз: әңгіме дүниенің бәрін қайта өзгертуде емес, ол - тәкаппарлыққа, Құдаймен
теңесуге деген адам іңкәрін туғызып, оны шайтан жолына түсіреді. Сондықтан Абай:
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дұниеге,
Тетігін тап та, бар қалан!» - деген ұран тастайды.
Абай - Жаңа дәуірдің перзенті. Сондықтан ол Орта ғасырлардағы ойшылдардың
аскеттік философиясын қабылдамайды. Оның ойынша, егер барлық адамдар
тариқат жолына түсіп, материалдық дүниеден бас тартса, онда «дүние ойран» болар
еді. «Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды,
астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім
іздейді (аталған әдебиет, 92 б.) деген сұрақ қойып, ойшыл оны Құдай алдындағы күнә
ретінде қарайды. Алла тағала дүниені адамға «рақатын көрмегіне бола жаратқан»,
қазірет Ғосман, Ғабдурахман ибн Ғауф, Сагид ибн Абдуқас сияқты Пайғамбардың
жақындары да өз байлықтарымен даңқты болған.
Алайда байлықтың да байлығы болады. Кейбіреулер мал жинау, мүлкін
көбейту арқылы басқалардан озып, өзін биікке көтеріп, дандайсып кетеді.
Екіншілер кемтарларға көмектесу, өзің өзгелерден тәуелді еткісі келмесу ушін
баюға тырысады. Соңғы жолды Құдай қалайды. Нағыз адамға тән биіктеу - ол
рухани самғау. Адамның абыройы оның сыртқы әсем киімі мен журіс-турысында
емес, оның ішкі таза ниетінде, сол арқылы ғана бізді Құдай таниды. Руханияты биік