Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет343/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
401 
(В.Франкл. Человек в поисках смысла. М.,1990,с.90), деген болатын. Мұның өзі де 
бабамыздың өз заманын озған ғүлама екенін дәлелдемей ме ? 
Ақыннын ойынша, ар-ұждан - рухтың өзегі, сондықтан бүкіл өнер-білім оның 
сынынан өтуі керек. 
«Еңбекпенен, өрнекпенен 
Өнер ойға тоқылса, 
Жайнар көңіл, қайнар өмір 
Ар ілімі қосылса». 
Біз Бұл мәселеге оқырманның ерекше назарын аударғымыз - Өйткені, ол 
бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуы- аясындағы деді- өйткен, 
үш шешуші мәселесіне айналып отыр. Ар-ұжданның аясындағы Ілім тіршілікті 
сақтап, қоғамды гұлдетеді, ал оны еске алмайтын ылын бүкіл тіршілікті адамзатпен 
бірге құртып жіберуі мүмкін. Оған бүгінгі таңда балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл 
пікірге екі дүниежүзілік соғыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен өтіп. 
мйллиондаған адам өмірінен айырылып барып келген болатын. 
Шәкәрімнің заманына келер болсақ, ол кезде ядролық физиқа ғылымы тек өзінің 
алғашқы қадамдарын ғана аттап жатыр еді. Болашақ болатын апатты әлі ешкім 
сезінген жоқты. Ғылымның тез қарқынмен дамуының негізінде сциентистік-
технократиялық (таза ғылым мен техниқаның шешуші рөлін мойындайтын ілім) 
көзқарастар кең етек алған болатын. Міне, осындай ахуалда ұлы бабамыз көрегендік 
танытып, болашақта болуы мүмкін апаттарды алдын ала болжай білді. Оның 
кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын мыңдаған жылдарға созылған қазақ 
руханиятының квинтэссенциясы (тұздығы) десек те болар. 
Өкінішке қарай, қазақ еліндегі реформаларды жұргізу сатыларының алғашқы 
кезеңдерінде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан діні мен руханиятымен 
санаспайтын технократиялық ағымға негізделген саясат басым болып, оның қаншама 


Нуржігіт Алтынбеков 
402 
теріс әсерін тигізгенін қазір ғана сезініп жатырмыз. Менмендік, қоғамдық пікірмен 
санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терістеу, адамдардың бір-бірінен 
жаттануы, шен иелерінің жемқорлығы, екіжүзділік, тәкаппарлық т.с.с. келеңсіз 
кұбылыстар тек адамгершілікке, ар-ұжданға негізделген саясат арқылы ғана 
жеңіледі. Оны естен шығармауымыз керек. 
Қазіргі жаңару сатымызда Шәкәрімнің айтқан көп ағартушылық ақыл-ойлары 
да бізге рухани азық болмақ. «Ақ ісіңе Құдай жақ, Адамнан тіпті шошыма» немесе: 
Құдай таза жаратты, сен таза бол, 
Ұқсаң анық айттым ғой, Бұл—таза жол», - дейді ақын. Сонымен бірге ол 
әрбір адамды жасампаздық енбекке шақырады: «Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе, 
Бәрін Құдай қылады дегенге ерме», - деп ескертеді. Әсіресе, мына жолдар бізге 
ауадай қажет сияқты: «Өнер қылма ар сатып жалданбақты, Ұлық болып елді жеп 
мақтанбақты. 
Біреуді жеп, біреуді табамыз деп, 
Қашан жақсы көруші ел алданбақты». 
Қорыта келе, Шәкәрімнің философиясы өте биік, нәзік те терең, өз заманынан 
озған десек, қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руханиятынан тыс бүкіл әлемдік 
білімге өз үлесін қосты деп айтуға әбден болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет