Нуржігіт Алтынбеков
397
мен поэзиясынан сусындап, өзіне тән ерекше дүниеге
деген көзқарасын
қалыптастырды.
Шәкәрімнің
онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны
рационалдың діни философияға, нақтылай келе деизм (Құдайды Жаратушы ретінде
мойындағанмен, Табиғат әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре береді)
бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзінің «Тіршілік, жан туралы»
өлеңінде ойшыл
Дүние жөнінде былай дейді: «Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
«Жан» де, мейлің бір «мән» де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән таратқан,
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге тұспейді».
Бұл шумақтан біз бүкіл дамудың қайнар көзі қозғалыста екенін, ол
жоқ жерде
өсіп-өнудің де жоқ екенін байқаймыз. Бірақ ойшыл сол қозғалыстың өзі бір қуаттың
арқасында болатынын айтады. Бұл жерде еріксіз XX ғ. өмір сүрген әйгілі француз діни
философы Теяр де Шарденнің дүниенің негізіндегі «тангенциалдық» (физиқалық)
және «радиалдық» (психиқалық) энергиялар жөніндегі ойлары есімізге тұседі, өйткені
Шәкәрімнің көзқарасы оған өте жақын. Әрі қарай:
«Құс, балық, шаян, көп алуан,
Айуаннан өсіп болдық адам.
Кейіміз есті, кейіміз надан,