Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет39/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
40 
Негізінен алғанда, материалистік және идеалистік бағыттағы көп ойшылдар адамның 
шығармашылық іс-әрекетін, оның қоршаған ортаны өзгертудегі мүмкіндіктерін 
мойындайды. 
Әсіресе, бұл мәселеге еш күмәнсіз қарап, рухтың кұдіретін көрсететін ағым - ол 
субъективті идеализм. Оның себебі, олардың пікірінше, адам өз-дүниесін өзі құрайды. 
Мұндай шешім адамның шығармашылық іс-әрекетін жеке көрсетеді. Осыған орай, неміс 
философы И.Фихте айтқан: «Әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!» — деген ұранын 
келтірсек болғаны. 
Бұл салада тағы да бір үлкен сұрақ пайда болады. Егер адам Дүниені саналы түрде 
қайта кұра алатын болса, онда ол оны қаншалықты өзгерте алады? 
Бірінші жауапты, негізінен, төмендегі көзқарасқа теңеуге болады. Біздің 
шығармашылық іс-әрекетіміз Дүниені толығынан өзгертіп, жаңа, өзіміздің ойымызға сай 
өмірді туғыза алады. Мысалы, марксизмнің коммунистік идеясын осы бағытқа 
жатқызуға болар еді. Сонымен адам өз болмысын шығармашылық іс-әрекеті арқылы 
толығынан Дүниені өзгертіп жасайды. 
Екінші жауап мұндай абсолюттік көзқарастан бас тартып, «Адам Дүниені өзінің 
саналы іс-әрекеті арқылы өзгерткенмен, оны толығынан қайта құра алмайды, тек қана 
салыстырмалы түрде ғана басқа өзгертілген Дүние келуі мүмкін» деген пікір айтады. 
Және бұл көзқарас Дүниені өзгертуде адам «жеті рет ойланып, бір рет кесуін», бүгінгі 
таңдағы керектіктерін болашақтағы өмірмен ұштастырып, волюнтаризмге жол бермеу 
жағын, айнала коршаған ортаға өте ұкыптылықпен карап, адамның пенде екендігін, оның 
Құдай еместігін алаңдаушылық сезіммен бізге жеткізеді. 
Бұл мәселе әсіресе біздің жаңару үстіндегі қоғамдағы жүргізіліп жатқан іс-
әрекеттермен тығыз байланысты. Дүниені коммунистік тұрғыдан толығынан өзгерту 
жолынан бас тартып, біз келесі біржақтылыкқа - «нарықтық жұмақ» орнату жолына түсіп 
кеткен жокпыз ба? Біз неге өткен қоғамның тиімді жақтарын ұстап кала алмадық? Біз 
каншалықты өзгерген қоғам орнатуымыз керек? т.с.с. 
Бұл сұрақтар - ашық сұрақтар. Оқырман Дүниеге деген өз көзқарасының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет