Нуржігіт Алтынбеков 38
панлогизмді тудырады (раn – бәрі, lоgоs білім, ілім, ақыл-ой).
XIX ғасырдың өзінде-ақ рационализмнің, соған негізделген ағарту идеяларының
көбі сынға алынып, олардан күткен көп сенімдер жоққа шықты, өйткені ақыл-ойға
негізделген тамаша қоғамнан адамдар үміт үзе бастады.
Осы кезде рационализмді сынға алған, панлогизмге қарсы бағытталған
философияның түрлері дүниеге келді. Олар иррационализм бағыты. Егер
А.Шопенгауер «Ерік философиясын», ал Ф.Ницше «билікке деген ерікті» алға қойса,
З.Фрейд адамның «бейсаналық» күштерін зерттей бастады.
Марксизмде
«эмпиризм
мен
рационализмнің
арасындағы
қайшылық
праксеолгиялық жолмен шешіледі, яғни адам мен қоғамның қажеттіктері, соларды
өтеу үшін жасалатын адамдардың іс-әрекеттері қайсыбір таным үрдістерінің қайнар
көзі және ақиқаттың анықтамасы» деген пікір айтылады.
Соңғы жылдары танымның өте күрделі үрдіс екендігі, оны праксеологиямен
ұштастырып қоймай, сонымен бірге аксиологиялық (әлеуметтік-мәдени, моральдық
т.с.с. құндылықтар) тұрғысынан қарау керектігі анықталды.
Енді жоғарыда қойылған келесі сұраққа дүние тану дәрежесіне келетін
болсақ, оған да екі түрлі жауап алуға болады.
Жаңа дәуірдегі әртүрлі таным теориялары көп ғасырлар бойы «ғылымдардағы
ашылған жаңалықтар мәңгілік сол күйінде қалады, егер болашақта ол теріске
шығарылса, онда оның алғашқы ашылған кезінде-ақ қата болғаны» деген пікірде
болды. Яғни ғылымдағы тану үрдісіндегі табылған білім әрқашанда толық, кемеліне
келген, әрі карай мазмұнын өзгертпейтін құбылыс ретінде қаралды. Гносеологиядағы
мұндай пікірге «догматизм» (dоgmа - грек сөзі, шешім, ілім) деген атақ берілді.
Келесі гносеологиялық ілімдер қайсыбір ғылыми жаңалықты, білімді толық емес,
салыстырмалы, тарихи, жүре келе тереңдетілетін құбылыс ретінде қарайды. Яғни
ғыльмдағы жетістіктерді де шексіз әрі қарай дамытып, тереңдете беруге болады.
Сондықтан ғылым әрі қарай дамыған сайын, ғалымдар өткен уақыттағы ашылған білім
салаларына жаңа көзқараспен қарап, оның шындық жағын кеңейтілген жаңа теорияның