Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет426/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
488 
Жоғарыда өрбіген ой-өрісіміз дұрыс болса, онда жалқылық пен жалпылық 
болмыс категорияларын талдаудың бастамасы болып есептелуі керек. Тарихи-
қисындық тұрғыдан алғанда, солардың адам практикасының, тәжірибесі дамуының 
негізінде пайда болуының нәтижесінде басқа да болмыс категориялары дүниеге 
келіп, өрби бастайды. 
Енді бүгінгі таңдағы философиялық тұрғыдан қарасақ, онда біз жалқылық,
даралық болмыстың өмір сүру формасы екенін байқаймыз. Дара, жалқы дегеніміз 
- кеңістік пен уакыттың шеңберінде шектелген зат, я болмаса құбылыс. Болмыстағы 
нақтылы да шынайы өмір сүріп жатқан заттар мен кұбылыстар - дара, жалқы, 
ешқашанда қайталанбайтыы, тек өзіне тән ерекшеліктерімен көрінеді. Қазақ халқы 
оны «бес саусақ бірдей емес» деген нақыл сөзбен берген. Мысалы, қазіргі жер 
бетінде өмір сүріп жатқан 6 млрд. адамның ішінен екі бір-біріне толығынан
пішін-түрі жағынан ұқсасты табу мүмкін емес. Сондай-ақ олардын әрбіреуінің ой-
өрісі, руханияты да өзгеше қайталанбайтын жақтарымен суреттеледі. 
Элементарлық бөлшектерден бастап жұлдыздар әлеміне дейін ғалымдар 
толығынан бір-біріне ұқсас ешқандай екі затты тапқан 
Қорыта келе, даралық, жалқылық дегеніміз шындық болмысының 
өмір сүру тәсілі болып шықты. 
Сонымен қатар бұл Дүниеде екі бір-бірімен толық ұксастығы жоқ екі затты табу 
да мүмкін емес. Егерде олай болатын болса, Дүние өмір сүре алмас еді, заттар мен 
құбылыстар бір-бірімен байланысқа түсіп, біртұтас әлемді құра алмаған болар еді. 
Дүниеге ұқыпты көзбен қараған адам заттар мен құбылыстардың бір-бірімен 
шытырман байланыста екенін байқайды, ал оның астарында олардың ұқсас 
жақтары, тектік бірлігі, жалпы қасиеттері жатқан жоқ па? Әрине, солай. Жалқы 
заттар мен кұбылыстар өне бойы бір-бірімен байланыста, өзара әрекет жасауда, бір-
бірін анықтауда. Оның өзі олардың жалпыға бірдей қасиеттері арқылы ғана іске 
асады. Сонымен жалпылық дегеніміз де болмыстағы жалқы заттар, құбылыстар мен 
үрдістердің өмір сүру заңдылығы болып шықты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет