Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет428/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
490 
ұғымдар. Ал номиналистерге келер болсақ, олар тек дара жеке өмір сүретін заттар 
ғана шынайы, ал жалпылық дегеніміз — заттардың ұқсас жақтарын пайымдаудың 
негізінде қойылған есімдер ғана деген пікірге келеді. 
Жаңа дәуірдегі ойшылдар көбіне номинализм бағытына жақынырақ болды. 
Мысалы, Дж.Локк жалпылық заттарда өмір сүрмейді, оларды ойлап шығарған 
адамньщ зердесі деген пікірге келеді, олар неше түрлі сөздер, идеялар, белгілер ғана. 
Б.Спиноза ұғымдардың шығу тегін заттардан іздеу керек деген дұрыс пікір айтқанмен, 
жалпылықты тек қана заттардың қарапайым ұқсастықтарынан іздеді. 
И.Кант бүл ойды тереңдетіп, жалпылыктың екі түрін мойындайды. Олар
тәжірибеден шығатын және априорлық (тәжірибеге дейін берілген) жалпылықтар. 
Ғылыми зерттеулер, тәжірибе арқылы жасалатын жалпы ұғымдар әрқашанда 
жеткіліксіз, өйткені күндердің бір күнінде жаңа деректер пайда болып, ұғымның 
шеңберін бұзуы мүмкін. Априорлық жалпылықтарға келер болсақ, олар 
трансцендентальды (transcendents - латын сөзі, аттап өту, яғни бұл Дүниенің ар 
жағындағы деген мағына береді.) санаға жатады, оның табиғатын біз ешқашанда тани 
алмаймыз. 
Г.Гегельге келер болсақ, ол жалпылықты «абсолюттік идеямен» теңейді. Бірақ 
ол заттардың ұқсас жақтарын қамтитын қарапайым абстрактілік жалпылық емес, ол - 
шынайы нақтылы жалпылық. Соңғыны ол заттар мен құбылыстардың даму 
заңдылықтарына теңеп, ал оның өзі әрқашанда даралықтың негізінде ерекше 
көрініп, жекенің де өзіне тэн байлығын бойына сіңіреді, -деген терең ой айтады. Жас 
жігіт пен пісіп-жетілген азамат та белгілі бір накыл сөзді айтуы мүмкін, бірақ олар 
оған эртұрлі мағына береді, өйткені екінші өзінің бай өмірден алған тэжірибесі мен 
білімі аркылы оны жете түсінеді. 
Маркстік философияда Гегельдің «нақтылы жалпылқ» идеясы жоғары 
бағаланып, сонымен қатар жалпылықтың қайнар көзін «абсолюттік идеяға» теңеуін 
сынға алады. Жалпы ұғымдарда объективті шындықтағы жалпылық бейнеленеді, ал 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет