Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет427/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
489 
Ұқыпты оқырман бұл арада қайшылықтың пайда болғанын байқап калған болар, 
бір жағынан, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс тек өзіне тән, Дүниеде қайталанбайтын 
жақтарымен көрінгісі келсе, екінші жағынан, толық дербес өмір сүре алмай, 
жалпылыққа өтеді. Олай болса, қайсыбір зат, құбылыс, үрдіс ерекше - өз бойында 
қайталанбайтын, тек өзіне тән қасиеттерімен қатар, оны басқа заттармен біріктіретін 
жалпы жақтарымен танылады. Айтылған ойдың үлкен методологиялық маңызы бар 
десек те болады, өйткені сонау көне заманнан бастап осы уақытқа шейін көп 
мәселелердің шешімі осы аралық пен жалпылықтың диалектикасын жете түсінбеуден 
пайда болады. 
Сараптап жатқан ұғымдарды алғаш рет терең талдаған ұлы Платон болатын-ды. 
Оның «эйдос әлемі» - «заттар әлемімен» салыстырғанда, өз бетінше өмір сүріп жатқан 
материалды емес, мәңгі, кемеліне келген, сұлу, ізгі әлем, ал біздің Дүние заттанған, 
мәнді, уақытша, эйдос әлемінің бұлдыр көлеңкесі ғана сияқты. Аристотель: «Платон 
маған қымбат болса да, ақиқат одан да гөрі құнды», - деп, оның өзінше өмір сүретін 
эйдос әлемін сынға алады. Оның ойынша, жалпылық дара заттардан бөлек өмір сүре 
алмайды, ол заттардың мән-мағынасын, яғни формасын құрайды. Ал форма қайдан 
пайда болады деген сұраққа ол: «Форманың формасы -Құдай», - дейді. 
Жалпылық пен жалқылық Орта ғасырдағы негізгі философиялық мәселеге 
айналып, реализм (rеаlіs - латын сөзі, шынайы) мен номинализм (nominis - латын 
сөзі, есім, ат) бағыттарын тудырады. Негізгі мәселе - жалпылықтың (сол кездегі 
терминмен айтсақ - универсалиялардың) онтологиялық (болмыстық) статусың 
(мәртебесін) анықтауда болды. Реалистер жалпылық жеке заттардаң бөлек өмір сүреді 
деген пікірге келіп, қалай айтқанда да, заттар әлемінен бөлек өмір сүретін 
идеалдық әлемді, я болмаса Құдайды мойындайды. Мысалы ортағасырлық 
схоластиканың көрнекті өкілі Ф.Аквинский универсалиялар үш түрлі өмір сүреді 
деген пікірге келеді. Бірінішіден, ол Құдайдың ойынан шыққан болашақ 
заттардың идеалдық үлгілері, екіншіден, заттардың ішкі мән-мағынасы,
үшіншіден, заттарды зерттеудің нәтижесінде пайда болған адамның басындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет