Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет458/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
520 
«өзінің тәуелсіздігін» сақтауға тырысады, өйткені арнаулы тарауда
көрсеткеніміздей, «тәуелсіздік», «дербестік» -болмыстың терең сипаты. Осы арада 
заттың ішінде кайшылықтың бастауы ашылады. Ол жүре келе, тұтас заттың 
ішіндегі қарсы жақтарын тудырады. Сонымен біртұтастық қарама-
қарсылыққа, соңғы бірлікке айналады. Оны философияда қарама-қарсылықтың тепе-
теңдігі деген ұғыммен береді. Мысалы, жердің оңтүстік және солтүстік полюстері
бар, олар бір-біріне қарсы сонымен қатар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Қайсыбір 
тіршіліктің ішінде ассимиляция және диссимиляция үрдістері жүріп жатыр. 
Осы екі қарама-қарсылықтың негізінде тіршілік өмір сүреді. Егер оның бір жағы 
болмаса, онда организм өледі. Феодалдық қоғамда екі тап шаруалар мен байлар - 
қарама-қарсылықтың екі жағы.Бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, олар бір-
бірімен күресте, сонымен қатар бірлігін сақтайды. Егерде олардың мүдделері 
шегінен шығып, кедейлердің көтерілісіне әкелсе, ол қоғам жаңа қоғамға ауысып,
я болмаса ескі қоғамның шеңберіндегі жаңа ахуалға әкелуі мүмкін. 
Бұл арада айтып кететін жайт - диалектикалық тепе-теңдік математикадағымен 
ұқсас емес. Есепте 5=5-ке тең болса, диалектикалық тұрғыдан қарағанда 5 = 5 тең, 
сонымен бірге тең емес. Бір зат екінші затқа тең, сонымен қатар оның ұқсамайтын 
теңсіз жақтары да бар. Мысалы, екі жапырақ бір-біріне тең, сонымен қатар тең емес. 
Егерде біз затты өз-өзімен салыстырсақ, онда да сондай нәтижеге келеміз. 
Өзінің тұрақты жақтарымен зат өз-өзіне тең, сонымен қатар әрбір сәтте оны ішкі 
құрамдас бөліктері бір-бірімен әрекетке түсіп өзгеріске әкеледі. Екіншіден, ол зат басқа 
заттармен қарым-қатынасқа түскеннен кейін, ол сыртқы ықпал арқылы да өзгеруі 
мүмкін. 
Әрине, қайшылықтың өзін үрдіс ретінде қарау керек. Заттың жаңа ғана Дүниеге 
келген сатысында тепе-теңдік айырмашылықтан гөрі басымырақ болады, соның 
арқасында ол тез қарқынмен өсіп-өніп, айырмашылықтың күшеюіне әкеледі; екінші 
сатыда айырмашылық тепе-теңдікке қарағанда басымырақ болып, қайшылықты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   454   455   456   457   458   459   460   461   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет