Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет453/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
515 
25 жылдай болса, қазіргі дамыған елдердегі көрсеткіш 75-80 жылға дейін жетеді. Ал 
өмір сүру кеңістігіне келер болсақ, адам өзінің саналы іс-әрекетінің арқасында жер 
бетіндегі барлық аймақтарды игерген. Бүгінгі таңда адамның аяғы баспаған жер 
қалмаған болар. 
Қазіргі ғылыми деректер бойынша, әр организмнің өзіне тән уақыт өлшемі мен 
ритмі бар. Мысалы, жылы күз шағында солтүстіктен алғашқы суық жел келген 
кезден бастап, қоян қоңыр жүнін түсіріп, ағара бастайды. Егер қар уақытында жаумаса, 
қара жерде ақ қоянды көруге болады. Орта ғасырдағы діни философияда «құдайды 
дәлелдеудің» бұл негізгі аргументі болатын, әр тіршілік формасы «мақсатқа 
лайықтылықтың» негізінде өмір сүреді, ал оны тіршілікке енгізген - жоғарғы саналы 
күш. XX ғ. ортасына шейін бұл «дәлелдеуді» ғылыми жолмен ешкім терістей алмады. 
Тек совет ғалымдары П.Анохин мен Н.Бернштейннің арқасында ғана оның құпиялығы 
ашылған болатын. Оның мән-мағынасы мына факторларда жатыр. 
Әрбір организм өзінің айнала қоршаған ортаға бейімделу барысында шындықты 
алдын ала бейнелеу дәрежесіне көтеріледі. 
Оған себеп болған ғарыштағы уақыт ритмі: күн мен түн, жаз бенен қыс, айдың 
гравитациялық тартуы арқылы теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің әрбір 11 
жыл сайын энергиясының өсуі т.с.с. миллиардтаған жылдар бойы тіршілік ритмін 
анықтап, оның генетикалық бағдарламасында жазылып, соған сәйкес өмір кезеңдерін 
тудырды. 
Биологиялық уақыт та организмнің өмір сүруінің әр сатысында соған сәйкес 
өзгеріп отырады. Адамның жас кезінде организмдегі «сағат» айнала қоршаған 
уақыттан гөрі тезірек өтеді де, психологиялық тұрғыдан келгенде, адам өмірі баяу өтіп 
жатқан тәрізді болады. Кәрілік келіп, организм қартайған кезде оның «сағаты» 
қоршаған ортадағы уақыт ритмінен қалыңқырап, психологиялық тұргыдан алғанда, 
өмірдің зымырап тез өтіп бара жатқа-нындай әсер тигізеді. Сонымен биологиялық 
кеңістік пен уақыт та бірқалыпты емес, өмірдің ерекшелігіне сай өзгеріп отыратынын 
анықтадық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   449   450   451   452   453   454   455   456   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет