Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет455/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
517 
жатқанын үйде отырып-ақ біле бересіз. 
Әлеуметтік уақыттың да өне бойы өзгерісте екенін байқауға болады. Мысалы, 
Орта ғасырларда өмір сүрген бабаларымыздың уақыты тым баяу өтті. Өйткен себебі, 
қоғам өміріндегі өзгерістер тым төмен қарқынмен жүрген болатын. Сонау 4-5-ші 
аталардың жасаған ісін шөберелері мен немерелері істеді: мал бақты, қымыз ішті, 
сайысқа түсті, қызды құшты т.с.с. Барлық қарым-қатынастар ата-бабалардан қалған 
әдет-ғұрыптардың негізінде жүре берді, өзгерістер өте аз болды. 
Жаңа дәуір дүниеге келген кезде, жағдай мүлде өзгерді. Жүздеген қалалар бой 
көтеріп, мыңдаған жаңа кәсіптер пайда болды, ғылым мен техника орасан зор 
жетістіктерге жетті, солардың бәрін игеріп, өз бойында қамтуға адамның уақыты 
жете алмай қалды, сондықтан ол тез қарқынды өте бастады. Бүгінгі таңдағы 
реформалар өмір қарқынын өте тез өсіруде. Көп қиындықтардың себептерінің бірі 
осыған байланысты, көп адамдар әсіресе жасы келіп қалғандар, оны игеруде өте 
үлкен қиын-дықтардан өтуде. 
Соңында ескеретін нәрсе - бұл тақырыптың өміршеңдік, этикалық мән-мағынасы, 
маңыздылығы. Өйткені адам өмірін Дүниедегі қайсыбір затпен салыстырсақ, оның 
өлшемін ешқашанда таба алмаймыз. Оны жалғыз ғана уақытпен салыстыруға болады. 
Адам өмірі - «Ұлы мәртебелі Табиғаттың», я болмаса Құдайдың бізге берген сыйы, 
өмір уақыты. Уақытында Ибн-Сина айтып кеткендей, біздің бұл Дүниеге келуіміз де, 
келмеуіміз де мүмкін еді. Алайда біз келдік. Біле білген кісіге, жалғыз соның өзі ғана - 
үлкен бақыт, ғажап оқиға. Олай болса, өмірдің әр сәтін бағалап, оны өте ұқыпты 
пайдалануымыз керек. Тек сонда ғана өмірде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Жас 
уақытын зая өткізген адам жасы келгенде қынжылады, өйткені қанша өмірдегі болған 
мүмкіндіктегі іске аспай қалды, ал өткенді қайта оралтуға болмайды: ол
мәңгілікке 
кете барды. Олай болса, жас дос, осы бастан әрбір сәтті өз дарыныңды дамытуға 
пайдаланып, алдыңа үлкен максат-мұрат
қой, ол сенің зор күш-куатыңды оятып, 
жетістіктерге итермелейді. Осы ізденіс, өмірді терең сезіну жолында саған көп табыс 
тілейміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет