Нуржігіт Алтынбеков 519
жібермеу керек деген ойы көп уақытқа дейін басым болды. Бұл кездегі ғылым
Табиғатты зерттеп, ондағы заттар мен құбылыстарды бір-бірінен айырып анықтауға
тең келетін, сондықтан Дүниенің қайшылықтығына аса назар аударылмады.
И.Кант өзінің таным теориясында алғаш рет зерденің қайшылығын ашады
(антиномиялар). Оның ойынша, сезімдік таным, тәжірибе бізге «заттың өзіндік
сырын» ешқашанда аша алмайды. Екінші жағынан, зерденің өзі де сезімдік
тәжірибенің сыртына шыға алмайды, ал шыққысы келсе, сол сәтте антиномияларға
тап болады. Оның жасаған 4 антиномияларының біреуін мысал ретінде келтірсек те
болғаны. Бірінші тұжырым: Бұл Дүниенің алғашқы бастауы бар және ол кеңістікте
шектелген; екінші тұжырым: Дүние уақыт пен кеңістікте шектелмеген, ол -шексіз.
Осы екі тұжырымды талдай келе, И.Кант екеуіне де жеткілікті дәлелдемелер
келтіреді. Сонымен зерде шешілмейтін қайшылықтарға келіп тіреледі. Ал оның
негізгі себебін Кант «заттың өзіндік сырының» танылмайтындығынан көріп, шынына
келгенде, Дүниеде де, танымда да қайшылықтар болмауға тиіс деген ойға келеді.
Гегель қайшылықты талдай келе, ол - қайсыбір өміршеңдік пен дамудың қайнар
көзі деген пікірге келеді. Ақыл-ойдың жетілуі мен дамуы қайшылықтарды шешу
арқылы жүреді. Қайшылық жоқ жерде - ой да жоқ.
Маркстік философия Гегельдің бұл ойын әрі қарай дамытып, Дүниенің
қайшылықты түрде жаралғанын, оның адамның санасында тәуелсіз өмір сүретінін
дәлелдейді. Біздің санамызда сол Дүниенің қайшылығы бейнеленеді.
Енді бүгінгі таңдағы түсініктерге келер болсак, әрбір зат, құбылыс белгілі бір
бірлік, тұтастықты құрайды. Осының арқасында біз бір затты екіншіден айыра
аламыз. Сонымен қатар оның ішкі бір-бірімен байланыс пен іс-әрекеттегі кұрамдас
бөліктері бар. Әрине, тұтас зат әрқашанда өзінің кұрамдас бөліктерінің әрбіреуінен
мазмұн жағынан асып түседі. Тіпті ол өзінің құрамдас бөліктерінің қарапайым
жиынтығының өзінен де асып түседі, өйткені ол көптүрліктің бірлігі (К.Маркс),
нақтыланған көптүрлік (Гегель).
Алайда заттың ішкі өзара байланыстағы құрамдас бөліктерінің әрбіреуі