Нуржігіт Алтынбеков 573
адамның ішкі Құдайы», - деген болатын.
Біршама
зиялылар
рухтың
өзегін
махаббат,
сүйіспеншіліктен
көреді.
Орта
ғасырдағы
Августиннің
айтқанындай,
«сүй,
содан
кейін не істесең де болады». Тек қана сүю арқылы басқа адамның
жан
дүниесін
ақтара
ашуға
мүмкіндік
аламыз.
Нағыз
махаббат
сүйген
адамның
әлі
де
болса
ашылмаған
жақтарын
сыртқа
шығарып,
оны
гүлдетіп,
шығармашылық
жолға
итереді.
Дүниені
тану - тек қана табиғаттың заңдылықтарын ашу ғана емес, сонымен
бірге оны шын жүрегіңмен сүюге тең. Бұл танымның онтологиялық терең
іргетасы. Тек қана сүю арқылы, өзіңді осы Дүние деген мұхиттың бір кұрамдас
тамшысы ретінде сезінгенде ғана, зерттелетін заттың ішкі сырын ашуға мүмкіндік
аласыз. Оқырман өз дүниесезімінің ерекшеліктеріне байланысты өз руханиятының
өзегін табар деген ойдамыз. Ал калам иесіне келер болсақ, рухтың өзегі ретінде ар-
ұжданды карайды. Бүгінгі кай-шылыққа толы адамзат мәселелерін шешу тек
саясаттың колында емес, ол әр адамның рухани-адамгершілік жетілуімен байланысты
деген ойдамыз. «Мүндай қилы заманда тек ар-ұжданын жоғары койған адамзат өз
өмірін сақтап қалады», - дер едік.
с) сана мен ми Сана қаншалықты идеалдық қүбылыс болғанмен, белгілі бір материалдық негізсіз
өмір сүре алмайды. Осы арада психо-физиологиялық мәселе пайда болады.
Бүгінгі деректерге сүйенсек, сананың физиологиялык негізі адамның миында
жатыр. Ол, негізінен алғанда, екі жарты шарды кұрайды. Оның үсті өте нәзік қабықтан
- нейрон клеткаларынан тұрады. Орташа есеппен алғанда олардың саны 14,5 млрд.
Әрбір нейрон клеткасы адам саусақтары сияқты 4-5 өсіндіден тұрып, солар арқылы
бір-бірімен байланысады. Сонда орташа есеппен алғанда 65-70 млрд. жуық байланыс
нүктелері пайда болады. Егерде шахмат ойыншылары 64 клеткада 32 фигуралармен
миллиондаған ойын варианттарын тудыра алса, 70 млрд. жуық «клеткалары» бар