Нуржігіт Алтынбеков 566
атомдарды мойындаса, Лейбниц көзге көрінбейтін өз-өзіне жеткілікті жандарды -
монадаларды философияға енгізеді. Мұндай көзқарастың шеңберінде Құдайдың өзі
монаданың монадасы ретінде қаралуға тиіс.
Неміс классикалық философиясында идеалистік философия әрі қарай дамиды.
И.Кант өзінің трансцендентальдық философиясында шынайы болмыс бізге
танылмайды деген пікірге келеді. Біздің танып-білетініміз - тек құбылыстар әлемі.
Біз өзіміздің априорлық, тәжірибеге дейін берілген сезімдік және ақыл-ой
категорияларымыз арқылы тәжірибеде берілген мазмұнды ретке келтіреміз. Бірақ
адамның осы априорлық категорияларға тәуелсіз бір қасиеті бар, ол - адамның
ішіндегі ар-ұжданы, адамгершілік заңы. Ол ерікті ырықты, адамның шексіз жетілуін,
олай болса, өлместікті, ал онымен бірге Құдай идеясын талап етеді. Олай болса,
шынайы болмысқа таным арқылы емес, оған тек діни сенім аркылы ғана жетуге
болады.
Алайда Канттың бұл идеялары оның әріптестерін канағат етпей, олар ғылыми
деректерге сүйене отырып, бүкіл Дүниені ақыл-ойдың қисынына сәйкес дамуы ретінде
түсінгілері келді (Фихте, Шеллинг, Гегель). Осы идеяға сүйене отырып, ұлы Гегель
философия тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жүйе жасады. Оның негізінде
Абсолюттік Идеяның өз-өзін тану жолында басқа болмысына, яғни Дүниеге айналып,
өзін соның шеңберінде ширатып адамның санасы мен объективті рухты тудыруы,
соның нәтижесінде Абсолюттік Рухтың сатыларына көтерілуі жатты. Яғни болмыс пең
кұбылыстың арасында қазылған ешқандай ор жоқ, олар бір-бірімен диалектикалық
байланыста деген тұжырымға келді.
Маркстік философияда бұл мәселе керісінше шешілгенмен, сол нәтижеге келді.
Дүниені ешқандай Абсолюттік Идея тудырған жоқ. Ол – мәңгілік өзінің ішкі
қайшылықтары арқылы дамып жатқан материалдық Дүние. Өз даму барысында ол
тіршілікті тудырып, соңынан тарихқа саналы пенде - адам табиғи түрде келеді. Ол өз
санасында Табиғаттың заңдылықтарын бейнелеп, құбылыстарды зерттеу арқылы
объективті дүниедегі үрдістердің мән-мағынасын аша алады. Соның нәтижесінде