Нуржігіт Алтынбеков 574
мидың потенциалы шексіздікке кетпей ме?! Адамның миы өз салмағының 2,5%-ын
құрағанмен, организмнің қабылдайтын оттегінің 20%-ын жағады екен, бұл да
ғажап емес пе? Яғни жүрекпен қатар, ми да өте интенсивті жұмыс істейтін мүше екені
анықталды.
Адам өз түйсіктері арқылы сыртқы Дүниедегі құбылыстарды қабылдап, алынған
ақпаратты жүйке жүйелерімен арнаулы ми бөлімдеріне жеткізеді, міне, осы сәтте
оларды сараптау басталады. Қазіргі деректерге сүйенсек, ол өте күрделі биоэлектрлік
«кванттык өрістер» негізінде жүреді.
Ал мидың ішкі құрылымдарына келер болсақ, олар әлі дұрыс танылмаған, өте
күрделі де көне болып танылады. Олар бүкіл физиологиялық үрдістерді бейсаналык
жолмен ретке келтіріп отырады деп болжауға болады. Мысалы, сіздің жүрегіңіз
минутына 60 рет соқса, оны басқаратын мидың бөлігі сіздің жүрегіңізге 60 рет
элктроимпульс жіберіп, оны соқтыртады... Адамның бауыры әсіресе интенсивті
түрде таңғы сағат 4-тен 6-ға шейін істейді екен. Бұл үрдістің уакытын анықтап
басқаратын мидың арнаулы бөлігі бар т.с.с.Миды зерттеудегі негізгі қиындық -
адамның ең биік құндылық екендігі, олай болса, оған ешқандай эксперименттер
жасауға болмайтындығы. Сондықтан адамның миы тек жанама түрде ғана зерттеледі.
Мұндағы зерттелмеген нәрселер - шаштан да көп.
д) Сана және онын әлеуметтік табиғаты Ми сананың өмір сүруінің физиологиялық негізін құрғанына қарамастан, ол - тек
кұрал ғана. Сондықтан да тарихта өмір сүрген улы адамдардың миының ерекшелігі
зерттелген кезде, онда ешқандай ерекшелік байқалмады. Мысалы, француз жазушысы
А.Франстың миының салмағы 1100 г. болса, И.С.Тургеневтікі 2200 г. болған.
Лениннің миынан да ешқандай ерекшелік табылмаған. Адам ми арқылы ойлағанмен,
оның негізгі органоны коғамның өзі болып табылады. Адам басқа адамдар, жалпы
қоғаммен, кітаптар арқылы өткен ұрпактармен сан қилы шым-шытырық байланысқа