Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет524/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
589 
зор синхрофазатронды іске қосты. Ол осы мемлекетке 6 млрд. долларға түсті. 
Осыншама қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің «білім құмарлығы үшін» 
жұмсалды деп ойлау тым тұрпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер де 
ядролық физика саласын зерттеуге біршама қомақты қаражат жұмсауда. Ал оның 
негізгі себебі адамзат практикасынан шығатын энергияның жаңа көздерін ашу 
қажеттігінде жатқаны сөзсіз. Өйткені органикалық шектелген энергия ресурстары 
(мұнай, газ, таскөмір) жылдан-жылға азайып, қазірдің өзінде алаңдатушылық 
тудырып отырғаны ешкімге де құпия емес. Сонымен жаңа энергия көздерін ашу, оны 
игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын жасау - бүгінгі таңдағы ғылымның негізгі 
мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. XX ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген 
эволюциялык химияның да алдындағы зор максат -күн сәулесін электр тогына 
айналдырудың арзан технологиясын жасау, судың фотолизін жасап, су тегін 
практикалық түрде шексіз де таза энергия көзіне айналдыру т.с.с. 
Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы биологияға келер болсақ, 
мұндағы ғалымдардың алдына койған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзат 
практикасымен тығыз байланысты екенін байқаймыз. Генетикамен байланысты 
микробиологиялық зерттеулер тіршілікті клондық, яғни бейжыныстық жолмен тудыру, 
өмірдің ең терең сырларын ашу - қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені тек 
осы зерттеулердің негізінде болашакта тұқым куу механизміндегі жиі кездесетін 
ауытқуларды емдеуге, сонымен катар мол өнім беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар 
түрлерін тудыруға, олай болса, жер бетіндегі аштыққа ұшыраған халықтарға тиімді 
кемек беруге жол ашылады. 
Енді ғарышты зерттеу мәселелеріне келер болсақ, олардың да адамзат 
практикасымен байланысты екенін байкауға болады. Мысалы, ғарыштағы 
орналасқан байланыс жүйелері аркылы теңізде апат болған кемені тез арада тауып 
алып, көмек көрсетуге болады. Бүгінгі жер бетін толығынан шырмаған ақпарат 
жүйелері: интернетті өмірге енгізу, әртүрлі кұрлықтармен телефондық байланыс 
жүйесін орнату т.с.с. ғарыштағы жасанды серіктерсіз мүмкін болмас еді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   520   521   522   523   524   525   526   527   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет