Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет526/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
591 
біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің оны 
жегіміз келеді. Егерде осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты 
көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл 
бөлеміз, яғни оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат 
аламыз. 
Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен 
кәсіби іс-әрекетіне, тіпті мінез-құлқына байланысты сана-сезіміндегі калыптасқан 
категорияларды (ұғымдарды) пайдаланып қабылдайды. Мысалы, жеңіл машинамен 
әуестенетін адамның санасында неше түрлі солар жөнінде ақпараттар бар. Егер ол 
бұрын көрмеген машинаның жаңа моделін көшеде байқаса, оның жанына келіп, 
бұ_рынғы білімдерін пайдаланып, бір минуттан кейін сол көлік жөнінде белгілі бір 
пікірге келеді, яғни ол оны игереді. Ал басқа адам ол машинаға көңіл де аудармауы 
мүмкін. Музейге койылған мәрмәрдан жасалған жас әйелдің дене бітімінен бір адам 
асқан сұлулықты, жетілгендікті көрсе, екінші надан адам оны нәпсілік тұрғыдан 
қабылдауы мүмкін. 
Енді елестетуге келер болсак, оның санаға тіпті жақындығы байқалады. Өйткені 
көзге елестетін зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. 
Мысалы, жақсы көретін досыңызды, я болмаса ауылдағы туысыңызды дәл қазір 
жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады. 
Адамның сана-сезімінің тағы да бір керемет ерекшелігі -өткендегіні есте сақтау. 
Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесінің өткендегі болғанды ақпарат 
ретінде сақтау қасиеті болып табылады. Оның негізгі екі түрін көрсетуге болады. 
Біріншісі сезімдік бейне болса, екіншісі - сөздік-ұғымдық түрі. 
Сонымен сезімдік таным бізге заттардьщ айнадағыдай бейнесін бермейді, оның 
қалыптасуына адамның қажеттілігі мен мүддесі, мақсат-мұраты мен идеалдары, неше 
түрлі сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан дүниесі қатысады. 
Енді абстрактіліқ ойлау формаларына келер болсақ, онда ең бірінші үғымдарды 
атап өтуіміз қажет. Ұғымдарда заттар мең құбылыстардың адамға деген жалпы, мәнді, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   522   523   524   525   526   527   528   529   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет