Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет527/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
592 
қажетті жақтары бейнеленеді. Уақытында көркем түрде Г.Гегель ұғымды табиғаттың 
жаны деген болатын. Өйткені қайсыбір ұғым мазмұнына заттың біршама мәнді 
қасиеттері кіріп, оның көлемін сондай қасиеттері бар көп заттар құрайды. 
Ұғымдар, бір жағынан, дүниедегі заттар мен құбылыстардың бізге керек сан алуан 
касиет-терінің бар екенін және олардың бір-бірімен байланыстарының байлығын 
бейнелесе, екінші жағынан, адамның танымдағы белсенділігі мен нәтижелілігін, ой 
мен білімнің құнарлы күшін көрсетсе керек. 
Жалпы алғанда, ойлау дегеніміз ұғымдарды ретімен байланыстырып, белгілі бір 
пікірге келу, пайымдау болып табылады. Мысалы, адам ұ ойлай алатын пенде десек, 
оның негізгі қасиеттерінің бірін көрсетеміз. 
Бірнеше бір-бірімен байланысты пікірлерді салыстырып, белгілі бір 
қорытындыға келуге болады. Мысалы: 
Адам ойлай алады; 
Нұрлан адам; 
Нұрлан ойлай алады. 
Алғашқы екі пікірді қорытудан үшінші пікір пайда болды. 
Сонымен адам ойланған кезде белгілі бір зат жөніндегі сезімдік деректерді 
ұғыммен қамтуға тырысады. Соның нәтижесінде сезімдік әртүрліліктің бірлігі 
анықталады, яғни зат жөнінде жаңа білім пайда болады. Егер сезімдік деректер әр 
алуандықты көрсетсе, ұғым олардың бірлігін алға тартады. Мұны біз ғылыми тілде 
категориалдық (ұғымдық) синтез (біріктіру) дейміз. Кейбір әдебиет беттерінде оны 
дискурсивтік ойлау әдістері дейді. 
Сонымен қатар адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллект деген ұғымды 
келтіруге болады. Ол адамның ең жоғарғы, бүкіл дүниені біртұтас ретінде қамтуға 
бағытталған, яғни философиялық дәрежеге көтерілген ойлау қабілеті болып есептеледі. 
Енді интуиция (көкей көз) мәселесіне келер болсақ, ол -тікелей шындыкқа жету, 
оның акиқаттығын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеуді талап етпеу. Мәселенің 
қиындығы сол саған ашылған шындықты басқаға жеткізу болса керек. Ол үшін оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет