Нуржігіт Алтынбеков 655
аймағында экологиялык апатка байланысты қасіретке түсіп жатқан қандастарымыз
қаншама?! Қазақстанның көп жерлерінде ауызсу мәселесі осы уакытка дейін шешілмей
келеді. Білім беру мен денсаулық саласында да жиналған мәселелер аз емес. Жас
аналарға деген қамқорлық - жоқтың қасы. Ерекше әнгіме — жастардың әлеуметтік
мәселелерін шешу, соның ішінде баспана мәселесі сын көтермейтін жағдайға жетіп
отыр.
Бүгінгі таңда осы және басқа әлеуметтік мәселелер қоғамдық сананың өзекті
сұрақтарына айналып, ақпарат құралдарында талдануда. Олай болса, бұл мәселелер
болашақта шешіледі деген үміттеміз. Жас дос, оларды болашакта шешуге сіз де ат
салысарсыз деп ойлаймыз.
в) саясат философиясы Қоғам өмірінің келесі саласы – саяси қүқтық сала. Ол сонау көне цивилизация
дүниеге келген кезде пайда болды. ¥лы Аристотель адамды «Zооn Рolitісоn» - саяси
жануар деп сол кезде-ақ атап кеткен болатын. Сол заманнан бері, осы уақытқа дейін
адам саяси пенде, өйткені ол - әрқашан белгілі бір таптың, я болмаса ұлттың т.с.с.
үлкен топтың өкілі. Әрбір әлеуметтік топ қоғам өміріндегі өз орнын анықтауға
тырысып, өз мүдделерін қорғап, осы жолда басқа топтармен қарым-қатынаска түседі.
Олай болса, саясат миллиондаған ортақ мүддесі бар адамдардың мақсат-мұраттарын
шыңдап, қоғам өміріне әкеледі. Саясаттың екінші жағы - әртүрлі мүддесі бар
топтардың басын біріктіріп, қарым-қатынастарын ретке келтіріп, қоғамның
біртұтастығын сақтап калу болмақ.
Олай болса, заңды сұрақ туады: саясаттың қандай қасиеттері қоғамның
біртұтастығын сактап, әртүрлі топтардың мүдделерін бір-бірімен ретке келтіреді?
Оны біз биліктен табамыз. Бірақ саяси билік — жалпы әлеуметтану категориясы
ретіндегі биліктің бір түрі ғана. Расында да, біз тұлғаның өз-өзін билейтіні, адамның
табиғатты, әкенің баланы, қылмыскердің банданы т.с.с. билейтіні жөнінде айтамыз.
Тіпті, керек десеңіз, жануарлар үйірінің шеңберінде де билікке ұксас, зоологиялық