Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет672/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
741 
еңбек етуді талап етіп, оның қайырымы мол жерлерде дамыды. Олай болса, алғашқы 
көне цивилизациялардың жұмсақ табиғаты бар ұлы өзендердің жағасында орналасуы - 
заңды нәрсе. Олар - Тигр мен Ефрат, Ганг пен Инд, Хуанхе мен Янцзы өзендерінің екі 
ортасы, Нилдың бойында т.с.с. жерлерде дүниеге келіп, дамыды. 
Мыңдаған жылдардың шеңберінде адамзат өндіргіш күштерді дамытып, 
қаншалықты айнала қоршаған ортаны өзгерткенмен, Табиғат өзінің ішкі 
тұрақтылығын сақтап, щаруашылық қоқыстарын өз мүмкіндіктерін пайдаланып 
қорытып , қайтадан өз бойына сіңіріп отырды. Тек тарихка Жаңа Дәуір келіп, қалалар 
күрт өсіп, мыңдаған зауыттар мен фабрикалар миллиондаған тонна өндіріс қоқыстарын 
қоршаған ортаға шаша бастаған кезде, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдік бұзыла 
бастады. Адам қоршаған ортаны өз еркіне көндіріп, оны қайта құру жолында тез 
дами бастады. Алғашқы кездерде табиғатқа жасалған жаралар тіпті байқалған да жоқ, 
оған коғамдық сана да көп көңіл бөлген жоқ-ты. 
Табиғат пен қоғамның арасындағы ахуал әсіресе XX ғ. күрт өзгере бастады. Ол 
ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін өндірісте кеңінен колданып, соның 
негізінде қоғамдық-материалдық байлықты өсіріп, адамдарға жақсы жағдай жасау 
әрекетінен шығатыны сөзсіз. Бір жағынан, адам өз шаруашылық іс-әрекетінің 
нәтижелілігін күрт өсірді, оның тұрмысы жақсарды, орташа өмір ұзақтығы да 
біршама өсті. Екінші жағынан, тек өз қамын ойлау, табиғатты тек қана белгілі бір 
ресурс, шикізат ретінде пайдалану өзінің теріс салдарларын өмірге әкелмей қоймады. 
Табиғаттың жүйелі ұйымдасқанын ескермей, онын кейбір элементтерін өзгерту айнала 
коршаған ортаның сапасын төмендете береді. Өзінің мақсаттарын іске асырудағы 
қоғамның алғашкы жоспарлары мен нақтылы өмірдегі өзгерістердің салдарлары жер 
мен көктей болып, үлкен кайшылыктарға әкеледі. Адам өз шаруашылык іс-әрекетінің 
алыс болашақтағы салдарларын (көбіне теріс) көп жағдайларда ескере алмайды. Тек 
бірнеше ғана мысал келтірейік. Соңғы 100 жылда ауадағы көмірқышқыл газдың үлесі 
20%-ға дейін өсті, теледидар мен радионың дамуы жер бетіндегі метрлік
толкындағы радиосәулелерді 1 млн. есе өсіріп, Күндегі радиосәулелермен теңдеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет